2024 жылдың 9 айы бойынша көрсетілген мемлекеттік
қызметтер бойынша есеп
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппараты халыққа 4 мемлекеттік қызмет көрсететінін хабарлайды.
2024 жылдың 9 ай ішінде мемлекеттік қызметтердің мынадай саны көрсетілді:
- сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқық алу - 54;
- жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату - 0;
- жер учаскесін алуға кезекке қою - 164;
Қаракемер ауылдық округінде мемлекеттік қызметтер сапалы көрсетіледі, 2024 жылдың тоғыз ай ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтерге шағымдар түскен жоқ. Әкім аппаратындағы стендте халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат орналастырылған. Аппарат ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Округ әкімі аппаратында, округ мекемелерінде Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері мен тұрғындар арасында Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізіледі.
Ағымды жылдың 9 ай ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 37 түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Өткізілген іс-шаралар, мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары Қаракемер ауылдық округі әкімінің, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің сайтында, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде және әлеуметтік Instagram желілерде үнемі жарияланды.