Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) адамға (отбасына) көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен мансап орталығы бірлесіп жасаған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
3) ассистент – әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдем көрсету жөніндегі функцияларды орындайтын мансап орталығының қызметкері;
4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;
5) әлеуметтік бейімдеу шаралары – Кодекстің 161-бабында айқындалған мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік абилитациялау және оңалту шараларын, мұқтаж болып табылатын адамдарға Кодексіне сәйкес көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де мемлекеттік қолдау шараларын қамтитын іс-шаралар кешені;
6) әлеуметтік бейімсіздік – жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;
7) әлеуметтік депривация – адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айырылу;
8) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға және табысы аз адамға (отбасына) оның (олардың) кедейлік шегінде болуымен байланысты жағдайдан шығуына жәрдемдесуді жүзеге асыратын мансап орталығының қызметкері;
9) әлеуметтік келісімшарт – тараптардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы мен еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы) арасындағы, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке немесе заңды тұлғалармен құқықтарын және міндеттерін айқындайтын, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;
10) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
11) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
12) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) – бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан бастап Кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген жасқа дейінгі адам немесе отбасы мүшесі;
13) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
14) жиынтық табыс –атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы;
15) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесі (бұдан әрі – Үлгілік тізбе) – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен және әлеуметтік келісімшарт жасау кезінде пайдалану үшін ұсынылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және әлеуметтік бейімдеудің белсенді шараларының тізбесі;
16) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
17) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;
18) атаулы әлеуметтік көмек және бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлем төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпочта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
19) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
20) табысы аз адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);
21) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеу, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
22) учаскелік комиссия –атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгінген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылған арнайы комиссия;
23) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия – аудан аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын комиссия;
24) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын комиссия;
25) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды, сондай-ақ Кодексімен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары;
26) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
2-тарау. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін отбасы құрамы Кодекстің 120-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалады.
Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген жағдайда, тұрғылықты жері бір елді мекен шегінде, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген күннің алдындағы алты ай ішінде уақытша болу (тұру) орны бойынша, мынадай жағдайларды қоспағанда, тіркелумен расталады, атап айтқанда:
1) төтенше жағдайлар;
2) мынадай негіздер бойынша мұқтаждар:
әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;
үйінің болмауы (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
бас бостандығынан айыру орындарынан босау.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда мансап орталығы немесе әкім атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мақсатында өтініш берушінің белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына уақытша тіркеуге тұруына жәрдемдеседі.
1) мынадай ақпарат беріледі:
шартсыз және шартты ақшалай көмек алу шарттары туралы;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысу шарттары туралы;
әлеуметтік келісімшарт жасасу қажеттілігі, әлеуметтік келісімшартқа қатысушы тараптардың міндеттемелері және әлеуметтік келісімшартты бұзу шарттары туралы;
Кодекстің 128-бабының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін өзгерту және (немесе) тоқтата тұру шарттары туралы, алты айға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау құқығынан айыру туралы;
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен сұратылатын мәліметтер тізбесі;
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріндегі жоқ мәліметтерді растайтын құжаттар беру мүмкіндігі туралы;
2) адамның немесе отбасының жан басына шаққандағы орташа табысын және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін алдын ала есептеу жүргізіледі.
Консультацияны мансап орталығында консультанттар, ал адам әкімге жүгінген жағдайда ассистенттер береді.
Бұл ретте, өтініш берушіде сәйкестендіру үшін өзімен бірге қағаз жеткізгіштегі жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (паспорты), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ыхтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі), қандастар куәлігі не оның орнына сәйкестендіру үшін ол цифрлық құжаттар сервисінде болған жағдайда электрондық құжат болуы қажет.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын бірге тұратын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері өтінішке Кодекстің 98-бабының 1-тармағына, 99-бабының 1-тармағына және 106-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органымен бекітілген жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты мансап орталығы көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтінішті қосымша береді
Он алты жасқа толмаған адамның атынан ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуінің еңбек қызметін жүзеге асыруға келісу туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші беріледі.
Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін портал арқылы жүгінеді.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтінішті ұсыну оны Заңға сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындау кезінде талап етілмейді.
Учаскелік комиссияның адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге адамның (отбасының) келісімі атаулы әлеуметтік көмекті проактивті форматта тағайындауды қарау үшін негіз болып табылады.
Учаскелік комиссия адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге келісім алған күн проактивті көрсетілетін қызмет арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген күн болып есептеледі.
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын;
2) қандас мәртебесі туралы;
3) босқын мәртебесі туралы;
4) шетелдік мәртебесі туралы;
5) азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы;
6) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;
7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы;
8) мүгедектікті белгілеу туралы;
9) баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;
10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы;
11) бала асырап алу туралы;
12) некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) (некені бұзуды) тіркеу туралы;
13) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса – оқу орнында оқу фактісі туралы;
14) табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар);
15) дара кәсіпкердің мәртебесі туралы;
16) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы;
17) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;
18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса);
19) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы;
20) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) берешектің болуы туралы;
21) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы;
22) меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы;
23) меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы;
24) меншігінде автокөлік құралының болуы туралы.
Өтініш беруші портал арқылы жүгінген кезде электрондық өтінішті қалыптастыру үшін қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.
Растайтын мәліметтерді алған кезде портал арқылы сұрау салуды жүзеге асырған өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-сымен куәландырады және портал уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы электрондық өтінішті жібереді.
Өтініш беруші талап етілетін құжаттарды берген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы;
2) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу, сондай-ақ тағайындауға өтініш беру фактісінің болмауы;
3) отбасының барлық мүшелерінде бір елді мекен шегінде тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелуінің болуы.
Жоғарыда келтірілген параметрлер бойынша тексерудің оң нәтижесі болған кезде өтінішті өңдеуге арналған кіріс хабарламалар журналына ауыстыру жүргізіледі.
Атаулы әлеуметтік көмекті проактивті форматта тағайындау үшін әлеуетті алушыларды айқындау адамның (отбасының) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер бойынша анықталған атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін талаптарға сәйкес келген кезде жүзеге асырылады.
Атаулы әлеуметтік көмекті проактивті форматта тағайындау үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі тіркелген болуы, көрсетілетін қызметті алушының учаскелік комиссияға келуге келісімі және көрсетілетін қызметті алушының sms-хабар арқылы сұрау салу арқылы алынған атаулы әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымды таңдауы қажет.
Портал арқылы электрондық өтініш келіп түскен кезде мансап орталығы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мәліметтерді алу үшін тиісті ақпараттық жүйелерге сұрау салуларды қалыптастырады, тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға жазбаша сұрау салуларды ресімдейді.
Мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға сұрау салуды ресімдеген кезде тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жазбаша хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын немесе ҚЭТ қалыптастыру мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге дейін ұзартылады.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын өтінішті және құжаттарды үшінші тұлғалардың атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін беруі атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенімхаты бойынша жүзеге асырылады.
Өтініш беруші құжаттарды салыстырып тексеру үшін көшірмелерде және түпнұсқаларда ұсынады.
1) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ақпараттық жүйелерден алынған, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан жазбаша түрде алынған мәліметтердің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді;
2) тиісті мемлекеттік органдардан жазбаша түрде ұсынылған құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттарды сканерлейді. Құжаттардың электрондық көшірмелері әкімнің немесе мансап орталығы маманының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.
Құжаттарды сканерлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда алынған құжаттарды көшіруді жүзеге асырады. Құжаттардың қағаз көшірмелері әкімнің немесе мансап орталығы маманының қолымен куәландырылады, одан кейін өтініш берушіден алынған құжаттардың түпнұсқалары үзбелі талонмен бірге оған қайтарылады;
3) сканерлеу (көшіру) сапасын және құжаттардың электрондық және (немесе) қағаз көшірмелерінің осы Қағидалардың 6 және 9-тармақтарына сәйкес алынған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді;
4) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш берушінің тапсырған құжаттарының қолдану мерзімі өтіп кеткенін және (немесе) дұрыс емес екенін белгілеген;
ақпараттық жүйелерде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, төлеу немесе өтініш беру фактілерін растайтын мәліметтер болған жағдайларда бас тарту туралы дереу қолхат береді.
1) әкім бір жұмыс күні ішінде:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеу журналында өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтінішке үзбелі талон береді. Ақпараттық жүйелерге қолжетімділік болған кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеудің электрондық журналында тіркейді;
осы Қағидалардың 6, 7 және 9-тармақтарда көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды қамтитын құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) немесе атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттардың электрондық топтамасын (бұдан әрі – ҚЭТ) қалыптастырады және оны тиісінше өзінің қолымен немесе ЭЦҚ арқылы куәландырады.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салуды ресімдеген кезде тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесін жазбаша хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын немесе ҚЭП-ты қалыптастыру мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады;
өтініш қабылданғаннан кейін өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындау үшін оны және қалыптастырылған құжаттар топтамасын учаскелік комиссияға береді;
Әкім учаскелік комиссияның қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысын қоса бере отырып, өтініш берушінің құжаттар топтамасын мансап орталығына береді;
2) мансап орталығы бір жұмыс күні ішінде:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеудің электрондық журналында өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтінішке үзбелі талон береді. "Портал" арқылы не проактивті форматта келіп түскен электрондық өтінімдер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштерді тіркеудің электрондық журналында тіркеледі;
еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін, олардың өтініштері бойынша Кодекстің 98-бабының 1-тармағына, 99-бабының 1-тармағына, 106-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органымен бекітілген жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркейді;
өтініш берушінің құжаттар топтамасын немесе ҚЭП-ын қалыптастырады және оны өзінің қолтаңбасымен немесе тиісінше ЭЦҚ арқылы куәландырады;
Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салуды рәсімдеген кезде тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесін жазбаша сұрау салумен хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын немесе ЭҚП қалыптастыру пакетін әзірлеу мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады;
өтінішті қабылдағаннан кейін өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындау үшін оны және қалыптастырылған құжаттар топтамасын учаскелік комиссияға береді.
Өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру өтініш берушінің, ал ол болмаған жағдайда – отбасының кәмелетке толған әрекетке қабілетті мүшелерінің біреуінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Қорытындыға учаскелік комиссияның мүшелері қол қояды және өтініш берушіге, ал ол болмаған жағдайда, оның қатысуымен тексеру жүргізілген отбасының кәмелетке толған әрекетке қабілетті мүшесіне қарау үшін ұсынылады.
Өтініш берушінің, ал ол болмаған жағдайда – отбасының кәмелетке толған әрекетке қабілетті мүшелерінің біреуінің тексеру жүргізуден бас тартуы учаскелік комиссия мүшелерінің көпшілігі қол қоятын хаттамада тіркеледі.
Өтініш беруші күнтізбелік бір жыл ішінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайта жүгінген кезде тексеру жүргізу өтініш беруші ұсынған мәліметтерді нақтылау қажеттілігі, сондай-ақ өтініш берушінің (отбасының) тұрғылықты жері (бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде), құрамы мен табысы өзгерген жағдайларда ғана күнтізбелік бір жыл ішінде жүзеге асырылады.
1) көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрін айқындайды: шартсыз немесе шартты ақшалай көмек;
2) адамның (отбасының) жиынтық табысын Кодекстің 12-бабы 5) тармақшасының он бірінші абзацына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына (бұдан әрі – Жиынтық табысты есептеу қағидалары) сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсан алдындағы тоқсан үшін есептейді.
Адамға (отбасына) берілетін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген отбасы мүшелерінің әрқайсысына қарай белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма түрінде есептейді.
Бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңіне әрбір балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем (бұдан әрі – балаға ай сайынғы қосымша төлем) төленеді.
Қажет болған жағдайда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) табыс бермейді деп айқындайды;
3) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (төлем мөлшерін өзгерту, төлемді тоқтата тұру, төлемді тоқтату, тағайындаудан бас тарту) туралы шешімінің электрондық жобасын (бұдан әрі – шешім жобасы) дайындайды, оған ҚЭТ қалыптастыруды тікелей жүзеге асыратын мансап орталығы маманы ЭЦҚ-сы арқылы, мансап орталығы құрылымдық бөлімшесінің басшысы және басшысы қол қояды;
4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық шешім жобасын атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініштерді электрондық тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады;
5) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органға ҚЭТ және құжаттар топтамасын береді.
Шартты ақшалай көмекті айқындаған жағдайда мансап орталығы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер (құжаттар), тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан алынған жазбаша түрдегі құжаттар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің немесе әкімнен құжаттар топтамасының және учаскелік комиссияның қорытындысының болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттар негізінде оларды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:
жұмыспен қамтылмаған еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің санын айқындайды;
Кодекстің 120-бабының 5-тармағына сәйкес отбасы құрамына кіретін бірге тұратын жұмыспен қамтылмаған еңбекке қабілетті мүшелерді Кодекстің 98-бабының 1-тармағына, 99-бабының 1-тармағына, 106-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органымен бекітілген жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамдар ретінде тіркейді;
алынған мәліметтер мен құжаттарды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияға:
ұсынылуы туралы шешім атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті шегінен шығатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын және әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсету кезінде шартты ақшалай көмек тағайындауды келісу үшін береді.
Аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның шешімдері учаскелік комиссияның қорытындысын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді және оларды қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өңірдің халықты мансап орталығына жіберіледі.
Учаскелік комиссияның қорытындысын немесе әкімнен учаскелік комиссияның қорытындысы бар құжаттарды, сондай-ақ қажет болған жағдайда халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның ұсынымдарын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мансап орталығы жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу шараларын қамтитын жеке жоспар жасайды және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік келісімшарт жасайды.
Әлеуметтік келісімшартта осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесінде ұсынылған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу шараларын орындау жөніндегі тараптардың міндеттемелері және олар орындалмаған жағдайда қабылданатын шаралар жазылады.
Мансап орталығы әлеуметтік келісімшарт жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:
халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның ұсынымдарын, сондай-ақ тараптар қол қойған әлеуметтік келісімшартты қоса алғанда, ҚЭТ-ты қоса бере отырып, электрондық шешім жобасын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органға;
өтініш берушіге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті тағайындау немесе көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама, сондай-ақ тыңдау өткізілетін уақыт пен орын жібереді.
Мансап орталығы өтініш берушінің алдын ала шешімге қарсылығын оны жіберген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
1) тиісті органдардан және (немесе) ұйымдардан немесе өтініш берушіден қағаз түрінде алынған және (немесе) ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтердің толықтығын және дәйектілігін тексереді. Қажеттігіне қарай тиісті мемлекеттік органдарға, уәкілетті ұйымдарға және орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне өтініш беруші ұсынған мәліметтерді нақтылау үшін сұрау салуларды жүзеге асырады. Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (төлем мөлшерін өзгерту, тағайындаудан бас тарту және төлемді тоқтату) туралы шешім қабылдау мерзімі ол туралы өтініш берушіні тиісті органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар ете отырып атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның шешімі бойынша күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартылады;
2) таңдалған атаулы әлеуметтік көмек түрінің, жиынтық табысын есептеудің және мансап орталығы жүргізген адамның (отбасының) атаулы әлеуметтік көмекті есептеуінің дұрыстығын тексеруді;
3) ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толық еместігі және дәйексіздігі және атаулы әлеуметтік көмек түрін таңдау, жиынтық табысты есептеу және адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін есептеу кезінде қателер табылған жағдайда ҚЭТ және электрондық шешім жобасын пысықтауға қайтаруды;
4) өтініш берушіні алдын ала шешім бойынша тыңдау нәтижесін ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдауды (төлем мөлшерін өзгерту, төлемді тоқтата тұру, төлемді тоқтату, тағайындаудан бас тарту) жүзеге асырады (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім), бұл туралы жазбаша, мансап орталығы немесе әкім арқылы немесе ұялы байланыс желілеріндегі абоненттік нөмірге хабарлама жіберу арқылы өтініш берушіні, ал бас тартылған жағдайда оның себептерін көрсете отырып, хабардар етеді.
1) отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісінің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен асуы;
2) учаскелік комиссияның материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш берушінің бас тартуы;
3) адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижесінде дайындалған қажеттіліктің жоқтығы туралы учаскелік комиссияның қорытындысы;
4) Кодекстің 122-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшесінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін шараларға қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде бас тартуы;
5) алушының кінәсінан бұрын жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзу және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайталап өтініш бергенге дейінгі алты ай ішінде;
6) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) дұрыс емес құжаттарды – олар ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде ұсыну негіз болып табылады.
Осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес бұдан бұрын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан бас тартқан еңбекке қабілетті отбасы мүшесінің қайтыс болуына немесе әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамауына, оның ішінде оның кінәсінен бұдан бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарттың бұзылуының туындауына, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар беруіне байланысты отбасы құрамы өзгерген жағдайда отбасы осы Қағидаларға белгіленген алты айлық мерзім өткенге дейін атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінеді.
1) құжатта көрсетілген мәліметтерді өтініш берушіден немесе әкімнен нақтылайды;
2) адамның (отбасының) жиынтық табысын және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін есептеуді жүргізеді;
3) пысықталған ҚЭТ-ты және электрондық шешім жобасын осы Қағидалардың 14-тармағында айқындалған тәртіппен нақтыланған мәліметтермен атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" және "Электрондық үкімет" порталының мобильдік қосымшасында қолжетімді.
Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат, ол туралы мәліметтер сұратылып отырған адамның келісімі болған жағдайда, портал арқылы жіберілетін жеке тұлғалардың сұрау салуы бойынша ұсынылады.
Мәлімет сұралатын адам сұрау салуды алған сәттен бастап 2 (екі) сағат ішінде порталдағы "жеке кабинет" арқылы не мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне SMS-хабарлама жіберу арқылы оның (оның отбасының) жеке тұлғаларға атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпаратты ұсынуға өзінің келісімін не келіспеушілігін бір реттік парольді пайдалана отырып портал хабарламасына жауап ретінде білдіреді.
"Порталда" жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Келісім алғаннан кейін өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат сұрау салуды жүзеге асырған жеке тұлғаның "жеке кабинетіне" жіберіледі.
отбасының құрамындағы өзгерістер – отбасы құрамы өзгерген күннен бастап;
атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жалған мәліметтерді және (немесе) сенімсіз құжаттарды ұсынған өтініш берушіні қоспағанда, отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде есепке алынбаған фактілерді немесе мәліметтерді анықтау – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген айдан бастап.
Атаулы әлеуметтік көмекті алушы көрсетілген мән-жайлар туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мөлшерлемені өзгертуге негіз болатын мән-жайлар туралы мансап орталығына, ал ауылдық жерде – әкімге хабарлайды.
Алушы атаулы әлеуметтік көмектің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етпеген жағдайда, көмек мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап, бірақ ол тағайындалған күннен ерте емес, ал егер өтініш беруші жәрдемақы тағайындалғанын анықтаған жағдайда қайта есептеледі, ал өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға және (немесе) төлеуге, адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге алып келген жалған мәліметтерді және (немесе) сенімсіз құжаттарды ұсынған жағдайда тоқтатылады.
Бұрын тағайындалған атаулы әлеуметтік көмекті төлеу қолданыстағы тәртіп бойынша ағымдағы тоқсанның соңына дейін қайта қараусыз жүргізіледі.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туындаған мән-жайларды ескере отырып осы Қағидаларда белгіленген атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жаңа өтініш берген кезде жүзеге асырылады.
1-параграф. Шартсыз ақшалай көмек тағайындау тәртібі
1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын кірісі аз адамдарға:
Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына;
бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;
екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;
2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе еңбекке қабілетті жалғыз мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын кірісі аз отбасыларға көрсетіледі.
Шартсыз ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Осы Қағидалардың 17-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген адамдар (отбасылар) үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қайтадан өтініш берілген жағдайда атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген күннен бастап алты ай мерзім өткеннен кейін тағайындалады.
2-параграф. Шартты ақшалай көмек тағайындау тәртібі
әлеуметтік келісімшарт жасасу, онда тараптардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары мен әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысуы бойынша тараптардың міндеттемелері көрсетіледі;
табысы аз отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысуы.
бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
күндізгі оқу бөлімінің оқушыларына, студенттеріне, тыңдаушыларына, курсанттарына, магистранттарына;
екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарға;
үш жасқа дейінгі балаға күтімді жүзеге асыратын ата-ананың біреуіне, мүгедектігі бар балаға, 6ipiнші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға;
тұрақты жұмысы бар адамдарға шартты ақшалай көмек төлеу үшін міндетті шарт болып табылмайды.
Үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыраушыға отбасының еңбекке қабілетті бір ғана мүшесі жатқызылуы мүмкін.
Хабарлама тіркелген еңбекке қабілетті адамдарға немесе еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне тікелей ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы беріледі.
Лайықты жұмыс болмаған жағдайда, мансап орталығы Кодекске жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын ұсынады.
1) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерінің бұзылуы туралы қорытынды дайындайды;
2) адамға (отбасына) шартты ақшалай көмек төлеуді тоқтату туралы электрондық шешім жобасын қалыптастырады;
3) әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерінің бұзылуы туралы қорытындыны қоса алғанда, шартты ақшалай көмек төлемін тоқтату туралы электрондық шешім жобасын осы Қағидалардың 15-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айқындалған тәртіппен атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
ауданда (қалада) – консультант;
ал ауылдық жерде – ассистент жүргізеді.
Әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мониторингі мыналардың:
ақпараттық жүйелерден әлеуметтік төлемдердің түскені туралы және "Еңбек нарығы" ААЖ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету барысында түскен деректер негізінде жүргізіледі.
Ассистент (консультант) әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттеменің орындалмағаны туралы фактіні анықтаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ол туралы мансап орталығына хабарлайды.
Мансап орталығы және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалардың 31, 32-тармақтарында көзделген шараларды қабылдайды.
Консультант есепті айдан кейінгі айдың 5-күнніне дейінгі мерзімде ай сайын Кодекстің 12-бабының 5) тармақшасының екінші абзацына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органымен бекітілген Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есептілік құжаттама нысандарының 20-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша есепті кезеңге әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеу туралы консультанттың ай сайынғы есебін ұсынады.
3-тарау. Атаулы әлеуметтік көмек төлеу тәртібі
Алушыға атаулы әлеуметтік көмекті және балаға ай сайынғықосымша төлемді төлеу атаулы әлеуметтік көмек, балаға ай сайынғы қосымша төлемді төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімге сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімі негізінде Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
Қажеттілік сомасы туралы өтінімді Мемлекеттік корпорация әр айдың бірінші жұмыс күнінде қалыптастырады.
Мемлекеттік корпорация қажеттілік қалыптасқаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органға атаулы әлеуметтік көмек, балаға ай сайынғы қосымша төлем төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімді жібереді.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек, балаға ай сайынғы қосымша төлем сомасы туралы өтінім келіп түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде есепті кезеңге Мемлекеттік корпорацияға атаулы әлеуметтік көмек, балаға ай сайынғы қосымша төлемді қажеттілік сомасы туралы өтінімде көзделген сомалар шегінде ақшалай аударады.
трансферттер түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде төлем кестесіне сәйкес МТ 102 форматында төлем тапсырмаларын қалыптастырады және алушылардың банк шоттарына төлеуді жүзеге асырады;
ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен атаулы әлеуметтік көмектің, балаға ай сайынғы қосымша төлемнің артық есептелген (төленген) сомаларын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органға аударады;
есепті айдан кейінгі әрбір айдың 20-күнінен кешіктірмей атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органмен атаулы әлеуметтік көмек төлеуге бөлінген қаражат және балаға ай сайынғы қосымша төлем бойынша салыстыру актісіне қол қояды.
Төленген сомалар бойынша Мемлекеттік корпорация мен атаулы әлеуметтік көмекті және балаға ай сайынғы қосымша төлемді төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар арасында ай сайын салыстыру актілері жасалады.
Атаулы әлеуметтік көмекті және балаға ай сайынғы қосымша төлемді төлеуге байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу Мемлекеттік корпорация мен атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органдар арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Артығымен төленген немесе негізсіз төленген сомалар туралы фактілер белгіленген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек алушыға атаулы әлеуметтік көмекті және балаға ай сайынғы қосымша төлемді ерікті түрде қайтару туралы жазбаша немесе электрондық хабарлама жібереді. Хабарлама жіберілген күннен бастап атаулы әлеуметтік көмек және балаға ай сайынғы қосымша төлем төлеу тоқтатылады.
Атаулы әлеуметтік көмек алушы артығымен төленген немесе негізсіз төленген соманы ерікті түрде толық көлемде алушыға хабарлама жіберілген күннен бастап бір айлық мерзімде қайтармаса, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган артығымен төленген немесе оған негізсіз төленген соманы қайтару бойынша сот тәртібімен шаралар қабылдайды. Сотқа арыз атаулы әлеуметтік көмек алушының тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінде көзделген тәртіппен беріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек және балаға ай сайынғы қосымша төлемді алғаннан кейін артық төленген сомалар кейінгі төлемдерден ұсталады.
Алушының көшуіне байланысты басқа өңірде атаулы әлеуметтік көмекті және балаға ай сайынғы қосымша төлемді одан әрі алған жағдайда, артық төленген сома атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау орны бойынша тағайындалған сомадан ұсталады.
Егер алушы заңсыз алынған атаулы әлеуметтік көмектің сомасын немесе оның бір бөлігін тиісті бюджетке қайтарса, онда өтініш берушінің жалпы қарызы қайтарым сомасына азаяды және атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған және төленген ақпараттық жүйеде тіркелуі керек. Ол үшін өтініш беруші мансап орталығына, ал ауылдық жерлерде – ауылдық округтің әкіміне – ақпараттық жүйеге сканерден өткізіліп, енгізілген, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін маманның ЭЦҚ қол қойылады, ол растау құжатын қабылдап, сканерленген көшірмесін ақпараттық жүйеге жүктейді, сондай-ақ мансап орталығы басшысының немесе әкімнің ЭЦҚ-сы, содан кейін бұл жазба түзету құқығынсыз ақпараттық жүйеде сақталады.
Егер өтініш білдіруші немесе атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым атаулы әлеуметтік көмектің заңсыз алынған сомасын Мемлекеттік корпорацияға қайтаруды жүзеге асырса, онда Мемлекеттік корпорация қайтарылған сомаларды атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органға ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығы) және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген кезде өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде орталық атқарушы орган "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, көрсетілетін қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
|
|