«Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
«Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары:
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
-мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;
-көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;
-мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;
-мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;
-көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;
-корсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.
Қызметті беруші туралы мәлімет:
«Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Мекен жайы: индексі 040431, Алматы облысы, Енбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылы, А.Тастанбеков көшесі № 6.
2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппаратында 2022 жылы 6 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
1) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 2;
2) Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру – 0;
3) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу – 17;
4) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату – 0;
5) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 1394;
6) Жер телімінің пайдалану мерзімін ұзарту – 33;
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 1446.
-көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көсетілгені – 1446, ақылы негізіндегі көрсетілгені – жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы көрнекті ақпарат құралдарында ілінген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін округ тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
2022 жылы барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.