Кез келген жат ағым идеологиясы – экстремизмнің алғы шарты, бастау көзі. Экстремизм ұшқын секілді, кішкентай болып басталады, бірте-бірте ұлғаяды.
Ағымның белгілері:
1) Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын мойындамайды;
2) Тек өздерін ғана «шынайы мұсылманбыз» деп, өзгелердің барлығын, «мүшрик», ең жұмсақ айтқанда «бидғатшы» және «адасқан» деп санайды;
3) Ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді теріс деп түсінеді;
4) Сүнниттік бағыттағы төрт мәзһабты мойындамау.
Кез келген жат ағым идеологиясы – экстремизмнің алғы шарты, бастау көзі. Экстремизм ұшқын секілді, кішкентай болып басталады, бірте-бірте ұлғаяды. Жалынның да осындай кішкентай ұшқыннан басталатыны белгілі. Сондай-ақ, елдің ел, ұлттың ұлт болып қалыптасуының негізгі 5 факторы болады.
Олар: тілі, дәстүрлі діні, ділі (менталитеті), әдет-ғұрпы, ата-мекені, яғни отаны. Ал, бұл ағым жоғарыдағы бес фактордың бесеуіне де қарама-қайшы әрекет етеді.
Сыртқы белгілері:
Және бата қайырмайды. Бата қайыруды күнә деп ұғады.
Сөздеріндегі белгілері:
Сәләфиттер сөздерінің арасында "бауыр" деген сөздің орнына "ахи" деген сөзді көп қолданады. Немесе "брат" деген сөзді қолданады. Көп сөздің арабша нұсқасын қолданғанды ұнатады. Мысалға, "ауызашар" дегенді "ифтар" деп көбірек айтады. "Джазакаллаху хайран", Ханафитпіз», «Алхамділла» деген сынды сөздерді жиі қолданады.