Есік қаласы әкімінің халықпен кездесулерінде көтерілген мәселелерді шешу барысы туралы мәліметтер
|
№ |
Өтініш берушінің аты-жөні
|
Сұрақ |
Проблемалық мәселелерді шешу шаралары (сұраныс берілген күні мен шығыс нөмірін, кімге берілді сұраныс, қандай шешім қабылданды сұранысыңыз бойынша, ЖСҚ, ҚМЖ-ға бөлінген ақшаны, мәселені шешу қандай кезеңде тұр толығымен жазыңыздар) |
|
|
Есік қаласы |
||||
|
1. |
М.Абубакирова, Есік қаласы 4 ықшам аудан тұрғыны |
4 ықшам аудандағы Бота дүкенінің жаныныдағы В. Терешкова атындағы орта мектебіне кірер жолды ашуға ықпал ету |
Есік қаласы әкімдігі тарапынан білім бөліміне және В.Терешкова атындағы орта мектебінің әкімшілігіне ұсыныс енгізілді. Аталған мәселе бойынша шешім қабылдау мектеп әкімшілігінің құзіретінде. |
|
|
2. |
Есік қаласы 2 ықшам аудан тұрғындары, 15 адамнын атынан |
2 ықшам ауданда 8 сотық жер телімінде көп қабатты үйдің құрылысы тұрғындардың наразылығына қарамастан салынуда. Құрылыс нысаны мен үйдің арасы 30 метрді ғана құрап, нормалардың бұзылуына жол беріліп отыр. Қазіргі уақытта, балалардың ойнайтын, қарт кісілердің аулаға шығып отыруына мүмкіншілік жоқ, тұрғындардың автокөлігін қоятын орын жоқ.Осы құрылыс жұмыстарын тоқтатуды талап етеді |
Бұл аталған жер телімі жеке меншік және нысаналы мақсаты көп қабатты үй салуға арналған. Құрылыс жұмыстарының нормаларының сақталуын тиісті мекемелердің өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылып, шығу жұмыстары атқарылды. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мекеменің рұқсаттама құжаттары заң талаптарына сәйкес екендігі анықталып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. |
|
|
3. |
М.Абдурахманова, Есік қаласы Куйбышева көшесінің тұрғыны |
Куйбышева көшесіне су құбырын жүргізу жұмыстары жүргізілгеннен соң, бүгінгі күнге дейін асфальт төселмей, лай күйінде қалды. Көшеге асфальт салу жұмыстары жүргізілсе, Жаманкараева көшесіне дейін жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етсеңіздер. |
Қала бойынша ауыз су жүйесіне қызмет көрсетуші кәсіпорын — «Alatau Public Utilities» ЖШС-не және Конкурстық негізде жобаны жүзеге асыру құқығын «Агидель-Ас» ЖШС мердігер мекемесінің назарына жеткізілді. |
|
|
4. |
М.Шажабаева, Саяжай тұрғыны |
Есік қаласының қарамағына өткен саяжайларға газ құбырын жүргізу туралы
|
Есік қаласының маңындағы саяжайлар қазіргі уақытта Есік қаласының нақты шекарасына енгізу жұмыстары жүргізілуде. Аудандық АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ тарапынан Республикаға хат жолданды. Хатқа орай, оңтайлы шешім шығарлған жағдайда, Есік қаласының әкімдігі тарапынан саяжайлардың инфрақұрылымына бюджеттік өтінімдер жолданып, ары қарай заң талаптарына сәйкес жұмыстар атқарылатын болады.. |
|
|
5. |
Л.Сатыбалдиева, Есік қаласының тұрғыны |
Есік қаласының орталық мешітінің жанындағы балалар ойын алаңының жай-күйі нашар, ойыншықтар сынған, балалар ойнауға қолайсыз. |
Өзен арнасы бойындағы (мешіттің жанындағы)ойын алыңы 2025 жылдың қараша айында толық жөндеуден өтті. |
|
|
6. |
Блогер samalka_92 |
Есік қаласы ПМК-дағы 10,12,14 және басқа 2 қабатты үйлерге газ құбыры қашан кіргізіледі |
Қала бойынша 38 көпқабатты үйді газдандыру мақсатында 8 жаңа БМҚ салу бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар (ЖСҚ) әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан шықты. Аудандық Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан облысқа қаражат бөлуге бюджеттік ұсыныс жіберілді. Қаражат қарастырылып, бөлінген жағдайда, аталған нысандардың құрылысы жүргізілетін болады.
|
|
|
7. |
Есік қаласы Қ.Орымбетов көшесі №126/2 үйдің тұрғыны Х.Есимбекова |
Ломоносов көшесінде орналасқан Рощаны қалпына келтіріп, саябақ ретінде халыққа ұсынуды сұрады. |
Рощаны саябақ ретінде қалпына келтіруді сұрап тұрғындардың келгендігін, осының негізінде, қала әкімдігі тарапынан 2025 жылғы 15 желтоқсанда Рощаны абаттандыру жұмыстары бойынша сараптамадан өткізіп, жобалық-сметалық құжаттама жасауға ашық конкурс өткізілгенін, бұл конкурстың қорытындысына сәйкес 2026 жылдың 31 мамырына дейін құжаттар әзірленетінін, ары қарай, Рощаны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттен қаражат сұралатын болады. |
|