Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмысындағы негізгі ұстанымдардың бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері - "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 20 (жиырма) минут ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету түрі – Электрондық (ішінара) автоматтандырылған).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері – Тегін.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі – Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен не көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат түрінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға өтініш.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Басқа да толық мәліметтерді Бөлек ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар, Мекен жайы: Бөлек ауылы, Заводская көшесі н/ж, тел: 8 (72775) 57-3-89
Бөлек ауылдық округі әкімінің аппараты.