«Бөлек ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің 2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы ЕСЕБІ

«Бөлек ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің 2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы ЕСЕБІ.

 

Жалпы ережелер

«Бөлек ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша негізгі бағыттары:

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
  • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;
  • Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • Көрсетілген қызметті алушылардың құқықтарының, заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдау.

Қызметті беруші туралы мәлімет: «Бөлек ауылдық округі әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі, мекен жайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек ауылы, Заводская көшесі н/ж, тел: 872775  (57-3-89).

  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бойынша Бөлек ауылдық округі әкімі аппараты ММ-де мемлекеттік қызметтің 6 (алты) түрі көрсетіледі:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
  2. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру.
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.
  4. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
  6. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.

2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы – 163, оның ішінде:  Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 0;

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 30;   

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 127;

     Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту – 5;

Бас тарту: 21,  Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 21;  

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 0;

         Бөлек ауылдық округі әкімі аппараты ММ-де  халықты ақпараттандыру үшін, көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша қағидалар, анықтамалық телефондардың нөмірлері, арыз бланкілерінің үлгілері стендте (мүмкіндігі шектеулі жандарға) қолжетімді жерде орнатылған.

         2022 жылдың желтоқсан айында «Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету үшін «Бөлек ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің 2023 жылға арналған МЕДИА-ЖОСПАРЫ» бекітілді. Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын Бөлек ауылдық округінің тұрғындарына түсіндіру бойынша,  Бөлек ауылдық округі әкімі аппаратымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2023 жылы «Еңбекшіқазақ» газетінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы – 6 мақала жарияланды, «ЮиТ» газетінде 1 мақала жарияланды сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі туралы электрондық түрде және әлеуметтік желіде enb_bolek_akimat  (Инстаграмм) 12 мақалалар жарияланды, 19.04.2023 жылы «Бөлек ауылдық округі әкімі аппараты ММ-де 2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебін жария талқылау» өтті, «Электрондық мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде алу» атты акциялары өткізіліп, «Электрондық мемлекеттік қызметтер», атты тақырыпта түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша түсіндірмелі іс – шараларында  31427 адам әлеуметтендірілді.

Бөлек ауылдық округінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, қызмет алушыларға қолайлы жағдайлар жасау, «Сервистік әкімшілік» жобасын іске асыру бойынша,  мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар өз қызметін уақтылы және дұрыс орындайды, қызмет алушыларға арналған ыңғайлы күтіп отыратын орындар, бақылау камералары орнатылған  (ақпараттық экран (телеманитор), суға арналған диспенсер, кондиционер, балалар бұрышы бар.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында әкімшілік ғимаратының 2 қабатында жеке кабинет дайындалған. Сол кабинетте электрондық үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы www.eGov.kz» жұмыс істеп тұр.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған шақыру түймесі, стандартқа сай пандус, көру мүмкіндігіне шектеулі азаматтарға арналған тақта (сонымен қатар, бөлім атауы Брайль шрифтымен жазылған тақташа), кезексіз қызмет көрсетілетін адамдардың санаты көрсетілген тақтайша, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған  автотұрақ бар.  

«Е-лицензия» Ақпараттық жүйесі «Бөлек ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де жұмыс істеп тұр.

 Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет  көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. 

         «Бөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді бекітілуі бойынша тиісті нормативтік актілер, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуін және ішкі бақылаудың жұмыстарына жауапты тұлғалары бекітілді.

         Уақытылы және сапалы қызмет көрсету тиімділігін бағалау өлшемдерінің бірі, азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру болып табылады.

 

 

Бөлек ауылдық округі әкімінің м.а.                                         

Д.Османов

 

 

 

орындаған: А.Жандосова

тел: 8 72 775 (57-3-89)

Дата публикации
22 апреля 2024