
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың негізгі міндеттері:
1) энергетика, жылу және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік басқару саясатын іске асыру, жоспарлар мен нысаналы бағдарламаларды әзірлеуге, қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
2) тұрғын үй қатынастары, облыстағы елді мекендердің шекараларында (сызықтарында) коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
3) облыстағы елді мекендердің шекараларында (сызықтарында) сумен жабдықтау, су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу саясатын жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.