«Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы есебі
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;
- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге міндетті;
- көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету;
- қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
«Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, пошталық мекенжайы: 040450, Х.Бижанов ауылы, Абай көшесі құрылыс 1, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы.
2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппаратында 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша функционалдық міндеттеріне кіретін қызметкерлердің саны-1 маман.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына ішкі бақылау жасау бойынша әкім орынбасары Э.Якубовқа жүктелген, есепті және ақпаратты жинақтау жетекші маман А.Қайратқызына жүктелген.
2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы- 59.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-жоқ,
көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көрсетілгені-59, ақылы негізіндегі көрсетілгені- жоқ,
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
Бартоғай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қабырға тақтайшалары ілініп, әрбір көрсетілетін қызмет түрлерінің нормативтік құқықтық актілер, арыз шағымдардың үлгілері, байланыс телефондары ( мемлекеттік тілде және орыс тілінде) хабарлама ретінде жазылған, ауыл тұрғындарына мемелекеттік қызмет порталы бойынша интернет арқылы алу жолдары хабарланды. Бірінші қабатта мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдайтын орын орнатылған, шақыруға кіреберіс есікте шақыру түймесі бар, әжетхана, әкімшілік ғимаратына мүмкіндігі шектелген азаматтараға арбасымен кіретінге пандус қол ұстағышымен орнатылған, қабылдайтын бөлменің бетіне ММ жұмыс кестесі Брайл шрифтімен жазылып ілінген. Ғимараттың алдында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға авто тұрақ белгісімен орнатылған.
2025 жылы өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 979 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін округ тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппаратында 32 түсіндіру іс-шаралары өткізіліп, 16791 адам қамтылды, жәрмеңкелер, презентациялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, «Электрондық үкімет» арқылы қызмет көрсету және оқыту бойынша акциялар өткізілді. Сондай-ақ, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету туралы мақалалар жарияланды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
2025 жылы барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.