"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы- Облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы), аудандардың жергілікті атқарушы органдары және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері:
1)"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;
2) "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал).
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті екі кезеңде көрсетеді:
1-кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұраған кезде), жер комиссиясының қорытындысын беру 12 жұмыс күні.
2-кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі- Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі– Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 12.30-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері- тегін.
Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты