"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

 

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.
  3. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі : 5 (бес) жұмыс күні.
  4. Мемлекеттік қызметті көрсету түрі : электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

      5.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: Тегін.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 12-30-дан 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 8-00-ден 17-30-ға дейін.
    Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 12-30-дан 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 8-00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады.
    2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
    2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
    3) порталда орналастырылған.
  3. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:

1) "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;

2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар порталға мыналарды ұсынады:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;

2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.

 Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

  1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар: Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

 

Бартоғай ауылдық округі әкімінің  аппараты

 

 

 

Дата публикации
19 июня 2025