Отчет деятельности ГУ «Аппарат акима Бартогайского сельского округа» по вопросам оказания государственных услуг за 2024 год

«Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

 

 

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

 

«Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Мекен жайы: индексі 040450, Алматы облысы, Енбекшіқазақ ауданы, Х.Бижанов ауылы, Абай көшесі құрылыс 1а.

 

2024  жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

 

  "Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығының негізінде Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты 2023 жылдың 3 қыркүйегіне дейін  6 мемлекеттік қызмет түрін, 3 қыркүйегінен бастап енгізілген өзгеріске  сәйкес 4  мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру ;

2) сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу ;

3) жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;

4) жер учаскесін алу үшін кезекке қою .

      Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 4  тегін,

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны - 4;

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 87.

-көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көсетілгені – 87, ақылы негізіндегі көрсетілгені – жоқ.

- көрсетілетін қызметті берушілермен баламалы негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 1;

- «Е-Лицензиялау»МДҚ арқылы электрондық түрде көрсетілген- 34.

- «Электронды үкімет порталы» арқылы электрондық түрде көрсетілген-52.

 

 

Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

  • Жер учаскесін алу үшін кезекке қою
  • Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

 

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Бартоғай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы көрнекті ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, өтініш үлгілері мен байланыс телефондарының нөмірлерімен ақпараттық стенд ілінген.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

          "Электрондық үкімет" порталы арқылы пайдаланушылардың үлесін арттыру үшін Бартоғай  ауылдық округі әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылды, онда электрондық қызметтерді өз бетінше алуға кеңестер жүргізіледі. 2024 жылы" Электрондық бұрыштар " арқылы - 960 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін округ тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

2024 жылы 42 түсіндіру іс-шаралары өткізілді.  "Еңбекшіказақ"  газетінде 4 мақала жарияланды және 8 мақала аудан әкімдігінің және округ әкімінің ресми  сайтында, 7 мақала әлеуметтік желілерде, 4 «Egov mobile» қосымшасының презентациясы, 4 мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі, 1 онлайн жәрмеңке, 1«Qyzmet Life» тікелей эфир, 4 ашық есік күні, 1 жария талқылау, 2 видеоролик,  4 семинар, 2 баннер, онда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс – шараларымен  17262 адам қамтылды.

2024 жылы 1 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

          Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі

көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

Өтініш беруші туралы мәлімет

Шағымның мазмұны

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарастырған күні

Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

0

0

0

0

0

0

0

 

 

 

Бартоғай ауылдық округінің әкімі                                   Т.Умербеков

Дата публикации
17 апреля 2025