"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік көрсетілетін қызметін
алу тәртібі
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету түрі: электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі : Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:
1) "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;
2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар порталға мыналарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;
2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Толық ақпаратты «Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ арқылы біле аласыздар. Мекен-жай: Қ.Бижанов, Абай көшесі құрылыс 1А. Телефон 8/72775/71332.