«Бартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің 2023 жылы көрсетілеген мемлекеттік қызметтері туралы есебін жария талқылау

«Бартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің

2023 жылы көрсетілеген мемлекеттік қызметтері туралы

есебін жария талқылау

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, 10 сәуір 2024 жылы «Бартоғай ауылдық округі әкімі аппаратының» мемлекеттік мекемесінде 2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі бойынша ауыл тұрғындарының  қатысуымен  жария талқылау өткізілді.

Жария талқылау қызмет көрсетушілердің есептілігі мен ашықтығы қағидаларын іске асыруды, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін үнемі жетілдіруді, оларды көрсету үнемділігі мен тиімділігін  қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жария талқылаудың барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны,  барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына қанағаттануы туралы мәселелері қарастырылды.

Жария талқылау бойынша келесі шешім қабылданды: мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі мәліметке алынсын, атқарылған жұмыстары қанағаттанарлық деп бағалансын. 

           «Бартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ

 

Дата публикации
10 апреля 2024