Жергілікті қоғамдастықты дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша Бартоғай ауылдық округінің Байсейт ауылындағы көше жолдарына 1 шақырымға асфальт төселді. Сонымен қатар Байсейіт ауылындағы Сетиев, Палтиев, Таиров көшелері де жарықтандырылды. Х.Бижанов ауылындағы Сүлейменов, Мақатаев, Шамсутдин, Қожамияров, Назарьянц көшелері жарықтандырылды. Сондай-ақ Байсейіт ауылындағы Абай көшесінің бойындағы апатты және қураған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді.