"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

 

"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

       Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

пайдаланушының "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылға арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;

 

Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жер учаскесін алуға кезекке қоюға арналған өтініштерді арнайы есепке алынуын қалыптастыруға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 20 (жиырма) минут ішінде:

      порталда авторландыру рәсімін өтеді;

           жер учаскесін алуға кезектілік тізіміне деректерді енгізгеннен кейін интеграциялық өзара әрекеттесулер жолымен автоматты түрде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті барлық қажетті мәліметтерді өңдейді;

 

      көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты жолдайды.

Толық ақпаратты Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппаратынан алуға болады.

Мекен-жайы: Бижанов ауылы, Абай көшесі, 1А ғимарат

Байланыс телефоны: 8 (72776) 7-13-32

Дата публикации
25 сентября 2023