"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:
бірінші кезең:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
екінші кезең:
1) бекітілген жерге орналастыру жобасы.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Толық ақпаратты Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппаратынан алуға болады
Мекен-жайы: Бижанов ауылы,Абай көшесі, Құрылыс 1а
Байланыс телефоны: 8 (72776) 7-13-32