«Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылы мемлекеттік қызметте көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

  1. Жалпы ережелер

 

«Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін мемлекетік қызметтер бойынша негізгі бағыттары:

- Мемлекеттік қызмет көрсету ережелеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді;

­-мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;

­­-көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;

­­­-мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;

-мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерізімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;

-көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;

-көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының,бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.

Қызметті беруші туралы мәлімет: «Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: 040450, Бижанов ауылы, Абай көшесі, 1А үй, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы.

 

  1. 2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

 

 Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппаратында 2021 жылы 6 (алты) түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

1) жер учаскесін алуға кезекке қою,

2) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,

3) елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру,

4) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату,

5) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.

6) Жер учаскескесінің жалдау мерзімін ұзарту

            Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша функционалдық міндеттеріне кіретін қызметкерлердің саны-2 маман.

            Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына ішкі бақылау жасау бойынша есепті және ақпаратты жинақтау әкім орынбасары С.Е.Нарымбаевқа жүктелген.

            2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы­- 448.  

- жер учаскесін алу үшін кезекке қою- 420

- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 1

- елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру-0

- Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату- 0

- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу) - 23.

 - Жер учаскескесінің жалдау мерзімін ұзарту-4

 

-халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-жоқ,

-көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көрсетілгені-448, ақылы негізіндегі көрсетілгені- жоқ,

- қызмет көрсетушілердің балама негізде ұсынатын мемлекеттік қызметтерінің саны - 424.

- "Е-Лицензиялау"МДҚ арқылы электрондық түрде көрсетілген-24.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс.

Бартоғай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ережелер бар стендтер орналасқан. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтармен таныса алады, ғимараттың бірінші қабатындағы фойеде қызмет алушыларға ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтер ережелері бар, файлдық папка ілінген.

            Бартоғай ауылдық округі әкімінің ғимаратында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі туралы тұтынушыларды хабардар ету үшін, бірінші қабатта «Электрондық үкімет» порталына кіретін «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналасқан. Бұрыш кеңсе жабдықтарымен жабдықталған, тиісті белгілер бар, ауылдық округ әкімдігінің фойесінде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді насихаттау және жарнамалау туралы бейнероликті жарнамалау үшін теледидар орнатылған және осы кеңседе балалар үстелімен жабдықталған «балалар бұрышы» бар. Балалар бұрышында отыратын стол, орындықтар, ойыншықтармен қамтамасыз етілген. Электрондық Үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы  көрсетілген мемлекеттік қызметтер  саны – 284.

            Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппаратында халыққа қызмет көрсету жәрмеңкелері, DIGITAL AGENT презентациялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, «Электрондық үкімет» арқылы қызмет көрсету және оқыту бойынша акциялар өткізілді. Сондай-ақ, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету туралы -49 мақалалар жарияланды.

 

     Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы Бартоғай ауылдық округінің  әкімінің толық бақылауында.

Қызметті беруші туралы мәлімет: «Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Қ.Бижанов ауылы, Абай көшесі № 1А,  Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы.

Дата публикации
20 апреля 2023