Жеке тұлғаның кірістерімен мүлкі туралы декларация мынадай түрлерге бөлінеді. Бастапқы – мұндай декларацияны табыс ету бойынша белгіленген міндет алғаш рет туындауына байланысты жеке тұлға табыс ететін декларация; Кезекті –жеке тұлға бастапқы декларацияны ұсынғаннан кейін осындай жеке тұлға ұсынатын декларация; Қосымша – оған осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын, бұрын ұсынылған декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға ұсынатын декларация; Хабарлама бойынша қосымша – мемлекеттік кірістер органы жеке тұлғаның кірістерімен мүлкі бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған кезде, бұрын ұсынылған декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін ұсынылады. Жеке тұлғаның кірістерімен мүлкі туралы декларациясын электронды түрде Egov.kz "Электрондық үкімет" порталы; cabinet.salyk.kz

«Салық төлеушінің кабинеті» мемлекеттік кірістер комитетінің порталы; eSalyk mobile мобилді қосымшасы; eGov mobile мобилді қосымшасы; арқылы табыс етуге болады. kgd.gov.kz интернет-ресурсында барлық қажетті түсіндірме  ақпараттары бар «Жалпыға бірдей декларация» бөлімі құрылған. Осы бөлімде жеке тұлғаның кірістерімен мүлкі туралы декларациясын толтыру қағидасы орналасқан.

 

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша  мемлекеттік

кірістер басқармасының бөлім басшысы Ғ.Н.Құдайбердиев