"Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері-1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі-10 (он) жұмыс күні ішінде.
Қызметті көрсету нысаны- Электрондық (ішінара цифрландырылған/қағаз түрінде).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі- Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері- Тегін.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі- Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
2) сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар);
3) жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі (шарт туралы ақпарат бірыңғай мемлекеттік жер кадастры цифрлық жүйесінде болмаған жағдайда ұсынылады).
Толық ақпаратты «Бартоғай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нен біле аласыздар, Х.Бижанов ауылы Абай көшесі құрылыс 1А, байланыс телефон номері 8/72776/71332.