Меню

Страницы

Статья

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

 

      Мемлекеттік қызметті «Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» көрсетеді.

     Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:

            1) Нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;

           2) Жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік  сәйкестендіру үшін);

           3) Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.

           Порталға мыналарды ұсынады:

                   1) электрондық цифрлық қолтаңбасымен  жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған электрондық өтініш;

                   2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.

         Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

          1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

          2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

         Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ұсынылған құжаттарды келіп түскен күні қарайды және оларды өтініш келіп түскен күні жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына орындау үшін жолдайды.

      Уәкілетті органның басшысы 1 (бір) сағат ішінде құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды.

      Уәкілетті органның жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде кадастрлық құжаттамасы бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді және жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап дайындайды.

       Уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты келіседі.

        Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімге немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапқа қол қояды.

       Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері 15 (он бес) минут ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тіркеуді жүргізеді.

        Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді. 

     Толығырақ ақпаратты «Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін алуға болады.

      Мекен жайымыз: Балтабай ауылы, Кунаев көшесі № 55А, телефон: 8(72775)50-3-33

 

        

        

Дата публикации
24 октября 2023
Дата обновления
24 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 июня 2026
Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету
Ақпарат
05 января 2025
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Баяндама
18 ноября 2024
"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу"

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы