Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік Қызмет көрсету

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу"мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі.

      Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

       «Сауда –саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу » мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын қағидаларға сәйкес, «электронды үкімет веб-порталы» (бұдан әрі - портал) арқылы өтініш беруіңіз қажет.

        Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:

         1-кезең: өтініш; сұралып отырған жер учаскесінің схемасы.

        2-кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.

       Көрсетілетін қызметті беруші, мемлекеттік қызметті екі кезеңде көрсетеді:

         1-кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналық мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін  дайындау, жер комиссиясының қорытындысын беру 12 жұмыс күн ішінде.

        2-кезең: жер учаскесіне жалдау құқығын беру туралы шешім, бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күн ішінде.

       Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі, көрсетілген қызметті берушінің жер учаскесіне жалдау құқығын беру туралы шешім, не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы жер комиссиясының қорытындысы.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және мерекелер туралы заңының 5- бабына сәйкес, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

     

      Толығырақ ақпаратты "Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нен мына мекен-жай бойынша алуға болады: Балтабай ауылы, Қонаев көшесі, 55а

Тел.: 8(72775)50333

 

«Балтабай  ауылдық округі  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік мекемесі.

 

Дата публикации
18 марта 2023
Дата обновления
18 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 июня 2026
Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету
Ақпарат
05 января 2025
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Баяндама
18 ноября 2024
"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу"

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы