Меню

Страницы

Статья

Су тасқыны кезіндегі нұсқаулық

Су тасқыны өзендегі судың көтеріліп, қардың еріп, желдің қатты соғуынан өзеннің тасуы немесе сел жүру кезінде кейбір елді мекендердегі су басуы.
Су тасқынының келтірер зар¬даптарының қатарына үйлер мен ғимараттардың, көпірлердің қирауын, темір жолдар мен автокөлік жолдарын су шайып, инженерлік желілердегі апат, тұрғындар арасындағы зардап шегушілер мен жан-жануардың қырылуы сынды оқиғаларды жатқызуға болады.
Су тасқыны кезінде жұмыс орындары мен пәтерлерде радио желісі тәулік бойы жұмыс атқарып тұруға тиісті, себебі, тұрғындар алдын ала хабардар болуы керек. Хабарландыру сигналдары, эвакуация жасау шаралары мен ережелерімен танысып, соған алдын ала дайын болыңыз.
Су тасқыны қаупі туындаған жағдайдағы іс әрекеттер:
Төтенше жағдайлар мен іс-әрекет жөніндегі нұсқаулықтар мен ақпараттарды мұқият тыңдаңыз, телефон желісін қажетінсіз қолданбаңыз, сізбен байланысар кезінде желі бос болуы керек.
Сабырлық сақтап, көршілерге ескер¬тіңіз, мүгедектерге, балаларға жә¬не де егде жастағы адамдарға көмек көрсетіңіз.
Құжаттарыңызды, киім, қажет заттарыңызды, бірнеше күнге арналған тамақтар мен дәрі-дәрмектерді дайындаңыз. Барлығын бір шабаданға жинаңыз. Құжаттарды су өткізбейтін пакеттерде сақтаңыз.
Электрлік тоқтарды тоқ көзінен ажыратып, газды сөндіріңіз.
Бағалы заттарыңыз бен азық-түлік өнімдерін үстіңгі қабаттарға немесе жоғары бөлікке көтеріп қойыңыз.
Шамаңыз келсе су басып жатырған аймақтан кетіп қалыңыз.
Есік терезені жабыңыз, уақытыңыз болып жатса, бірінші қабаттағы есік терезелерді тақтаймен бітеп кетуге тырысыңыз.
Жоғарғы қабатқа көтеріліңіз. Егер бір қатарлы үй болса, шатырдың астында болыңыз.
Көмек келгенше жоғарғы қабатта, үйдің төбесінде немесе ағаш басында болыңыз, құтқарушыларға белгі беріңіз, сізді тезірек тауып алуына мүмкіндік жасаңыз.
Көмек келгенше жоғарғы қабат¬тарда, төбелерде, ағаш немесе басқа да жоғарылықта болыңыз, мүмкін болса ұялы телефонмен хабарласыңыз, құтқарушыларға Сізді мүмкіндігінше тез табу үшін белгі беріңіз.
Аумақты су басу қаупін байқаған кезде ТЖ қызметінің 112 нөмірі бойынша қоңырау соғып, хабарлау қажет. Есіңізде болсын, қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өзіңіз бен жақындарыңыздың өмірін арашалап қалу мүмкіндігіңіз көбейеді.

Дата публикации
14 февраля 2023
Дата обновления
14 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 июня 2026
Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету
Ақпарат
05 января 2025
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Баяндама
18 ноября 2024
"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу"

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы