Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың артықшылықтары

 

Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың артықшылықтары


         Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік мекемеге өзі келу тәртібімен құжаттарын қағаз жеткізгіште алып келіп, кезекте тұрып, кезек бойынша мекеме қызметкеріне жетіп, құжаттарды толтыруға арнайы уақыт бөлу қажет етеді. Ал, мемлекеттік қызметті электронды түрде алу бұл қиындықтарды туындатпайды. Соңғы жылдары көптеген қызмет түрлері тез әрі жылдам болуы үшін электронды түрге алмастырылды.
         Бүгін де ғаламтор-өнеркәсібі қарқынды дамуда, бұл ғаламтор қолданушылардың санын көбейтуге алып келуде, яғни онлайн-қызметті пайдаланушылар саны көбеюде.
Мемлеккеттік қызметті электронды түрде алу сыбайлас жемқорлықты жоюға, сонымен қатар халықпен мемлекеттің қаржылық және уақыт тапшылығын үнемдеуге көмек береді.
        Бүгінгі күні мемлекеттік қызметті электронды түрде алу рәсімдердің мерзімін қысқартумен қатар, оның орындалуының нәтижелілігін арттыруға және барлығына бірдей қол жетімді болуына жағдай жасалуда.
Электронды түрде мемлекеттік қызмет алу өз үйіңізден шықпай және жұмыстан сұранбай сұрау жасауды іске асырады. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу үшін – әр азамат өзіне электрондық цифрлық қолтаңба /ЭЦП/ жасатуы қажет. Аталған қолтаңбаны/кілтті өзіңіз үйден шықпай-ақ, компьютер арқылы немесе «Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жасатып алсаңыз болады.

Мекен жайымыз: Бәйтерек ауылы, Әлмерек Абыз көшесі № 32.

 

«Бәйтерек  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

 

Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың артықшылықтары
Дата публикации
23 февраля 2024