Меню

Страницы

Статья

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету туралы

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету туралы

 

Мемлекеттік қызметті «Бәйдібек би ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 20 (жиырма) минут ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету түрі: Электрондық (ішінара) автоматтандырылған.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: тегін.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі: Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен не көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат түрінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға өтініш.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

 

Бәйдібек би ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы

А.М.Калмуханова

Дата публикации
28 ноября 2023
Дата обновления
28 ноября 2023
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 июля 2025
Құрылыс
Ақпарат
23 июля 2025
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
Ақпарат
23 июля 2025
Деңсаулық сақтау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы