«Бәйдібек би ауылдық округ әкімі аппараты» ММ-нің өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы электрондық
қызметтерді алу
Мемлекеттік қызмет көрсету саласы әрқашан жергілікті атқарушы органдардың басым міндеттерінің бірі болып табылады.
Егер соңғы 10 жылда ҚР Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қолданыстағы заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талдайтын болсақ, онда барлық өзгерістер Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруға, мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімін оңайлатуға, қажетті құжаттар тізбесін және мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін қысқартуға бағытталған деп сеніммен айтуға болады. Бұл жиынтығында мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімін едәуір жеңілдетеді және бюрократиялық кедергілерді орнатуды болдырмайды.
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға байланысты 2020 жылдың наурыз айында Еңбекшіқазақ ауданы «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды. Қызмет көрсету бұрыштарында компьютерге немесе Интернетке қол жеткізе алмайтын ауылдық округ тұрғындары Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ өз бетінше онлайн Мемлекеттік қызметтерді ала алады. Ал егер азаматтарда сұрақтар туындаса, әкім аппаратының қызметкерлері кеңес бере алады.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 2022 жылы электрондық-цифрлық қолтаңбаны қолдана 1388 электрондық қызмет көрсетілді. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 1480 электрондық қызмет алынды. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда көрсеткіштер 2 есеге ұлғайды. Мемлекеттік корпорация арқылы алынған электрондық қызметтер мен қызметтер санының артуы халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы жоғары хабардар болуымен, қызметтерді автоматтандырумен және бір терезе қағидаты бойынша алынатын қызметтер түрлерінің санының ұлғаюымен байланысты.
Халықты ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында ауылдық округ әкімінің аппараты тұрақты негізде түсіндіру іс-шараларын, семинарларды, дөңгелек үстелдерді өткізеді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттырады.
Сұрақтар туындаған, кеңес алу қажеттілігі туындаған жағдайда Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппаратына +772775/56-0-12 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз, немесе Бәйдібек би ауылы, Шевченко көшесі, 18 А үй мекенжайы бойынша келіп қажетті қызметті алсаңыз болады. Әкім аппараты қызметкерлері Сіздерге әрдайым көмектесуге дайын.
"Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманы,
Калмуханова Асель Махаткызы