Мемлекеттік қызмет көрсетудің, негізгі тәртіптік бағыттары

       

"Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген,  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, 2023 жылдың 3 қыркүйегіне дейін  6 мемлекеттік қызмет түрін, 3 қыркүйегінен бастап енгізілген өзгеріске  сәйкес, Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты 4  мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Олар: жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату; жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

 «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша, негізгі тәртіптік бағыттары:

 

- Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

 

- Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде, оларға қажетті жағдайлар жасау;

 

- Көрсетілетін қызметті алушыларға, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну;

 

- Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

 

- Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсыну;

 

- Көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша, мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат беру;

 

- Корсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдау болып табылады.

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 сентября 2024