Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.
Осы ретте, «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бойынша «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі хабарлайды:
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы – «Бәйдібек би ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері - "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет көрсету түрі - Электрондық (ішінара цифрландырылған)/ қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері - Тегін.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
1) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер –
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
Толық мәліметті Бәйдібек би ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.
Мекен-жайы: Бәйдібек би ауылы, Шевченко көшесі №18А,
Тел.:8/72775/5-60-12