«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

Осы ретте, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бойынша «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі хабарлайды:

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы – «Бәйдібек би ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері - 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;

2) "электрондық үкіметтің" www.​egov.​kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 1) елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 8 (сегіз) жұмыс күніне дейінгі мерзімде;

2) елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 16 (он алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде.

Көрсетілген мерзімдерге жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасау мерзімі кірмейді.

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі - электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын (жер учаскесі сатып алынған жағдайда) қоса бере отырып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері - Тегін.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

1) "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар)                          2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;

2) жер комиссиясының оң шешімі (елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде) немесе жер учаскесінің нысаналы мақсатын (елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде) өзгерту туралы оң қорытынды болған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде: бюджет кірісіне жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы төлеу, бюджетке Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құн арасындағы айырмаға тең соманы төлеу қажет болған жағдайда, оның нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер –

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Кодекстің 9-бабының 5-тармағында және 97-бабының 3-2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) Кодекстің 49-1-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға келісуші органдардың теріс жауабы;

4) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

Толық мәліметті Бәйдібек би ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.

Мекен-жайы: Бәйдібек би ауылы, Шевченко көшесі №18А, 8/72775/5-60-12

  

 

 

 

Дата публикации
21 апреля 2026