
Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Мемлекеттік жастар саясатының міндеттері:
1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;
3) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту болып табылады.
3. Мемлекеттік жастар саясаты:
1) мәдени, имандылық және рухани құндылықтардың басымдығы;
2) азаматтық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік;
3) конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылық;
4) ұрпақтар сабақтастығы, отбасылық тәрбиенің басымдығы;
5) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға жастардың қатысуы;
6) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға ғылыми, кешенді және дәйекті көзқарас қағидаттарына негізделеді.
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары:
1) қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту;
2) денсаулықты сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру;
3) жұмысқа орналасу мен жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау;
4) жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау;
5) жас отбасылар және жұмыс істеп жүрген жастар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту;
6) жастардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру;
7) экологиялық мәдениетті қалыптастыру;
7-1) жастарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру;
8) дарынды жастарды дамытуға жәрдемдесу;
9) мәдени оқу-ағарту мен бос уақыт үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
10) жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру;
11) жастардың волонтерлік қызметін дамыту болып табылады.
Бәйдібек ауылының 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны - 1122, соның ішінде:
501 — ер
621 — әйел
Мемлекеттік қызметші — 4
Бюджеттік қызметші — 82
Жеке кәсіпкер — 39
Оқитындар - 687
Мүгедектігі бар — 56
АИТВ шалдыққандар — 11
Туберкулезге шалдыққандар - 4
NEET санатаындағы жастар - 239