
Қазақстан үлкен үміт артып отырған Экономиканың перспективалы секторларының бірі ауыл шаруашылығы болып табылады. 2023 жылдың қыркүйек айының соңында Қазақстанның ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі 4.1% құрады.
Ел аумағының шамамен 75% - ы ауыл шаруашылығына жарамды, оның тек 30% - ы ғана егіншілікке жарамды. Қазақстанда ауыл шаруашылығының негізінде екі негізгі бағыт жатыр: мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы.
Бәйдібек би ауылдық округі бойынша жалпы өндіріс құрылымында өсімдік шаруашылығы өнімі 70%, мал шаруашылығы – 30% құрайды.
Ауылдық округте 1500 га алқапта алма ағаштары өсіріледі, жүзім – 363 га, дәнді дақылдар 718 га егіс алқабын алып жатыр.