Меню

Страницы

Статья

«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі туралы

      

                Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмысындағы негізгі ұстанымдардың бірі.

               Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

Осы ретте,  «Сауда –саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін түсіндірсек

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы:Облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы), аудандардың жергілікті атқарушы органдары және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері:1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;
    2) "Цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
  3. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес, мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануына кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескере отырып айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау, жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде.
    Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
  4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде.
  5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
  6. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері:Тегін.
  7. Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі:1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
    2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
    3) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
    2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
    3) порталда орналастырылған.
  8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:бірінші кезең:
    әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесі берілген жағдайда: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес берілетін әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат.
    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін:
    1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алуға өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) жер учаскелерін мемлекет меншігінен беру үшін инвестициялық жобаны айқындау туралы шешім.
    2. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 71-бабына сәйкес құрылыс мақсаттары үшін олар бұрын іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) және олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін, егер олар бұрын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланған құрылыс үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алған жағдайда:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат.
    3. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттармен және сәулет-жоспарлау тапсырмасымен бірге сәулет және қала құрылысы органдары беретін трассалар схемаларына сәйкес өздеріне меншік және жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелерді салу үшін:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары).
    4. Бұрын үшінші тұлғаларға тиесілі болған жер учаскелеріне құқықтарды өздері алған немесе сатып алған жағдайда, құрылыс салу мақсатында Жер кодексінің 71-бабына сәйкес өздері бұрын іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта реновациялау бағдарламасы шеңберінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланған құрылыс шегінде көппәтерлі тұрғын үйлер мен олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарт жасасқан заңды тұлғаларға:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат;
    4) уәкілетті органмен бекітілген реновациялау бағдарламасы
    5) көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы және олардың инженерлік-коммуникациялық желілері үшін "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысында үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шарт;
    6) Жер кодексінің 71-бабында көзделген талаптардың орындалғанын растайтын құжаттар (бөлініп берілген жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің әрбір меншік иесімен жасалған шарттар, жер учаскелерінің нысаналы мақсаты өзгерту туралы шешім немесе олардан мемлекет пайдасына бас тарту туралы шешім, объектіні кейіннен кәдеге жарату).
    5. Кондоминиум объектісін пайдалану және ұстау үшін кондоминиум қатысушылары:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) кондоминиум құру туралы хаттама;
    4) кондоминиум объектісін пайдалану және күтіп ұстау туралы көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының жалпы жиналысының хаттамасы.
    6. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қажетті инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылымды салу және (немесе) орналастыру үшін:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт;
    4) жер учаскесін беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретіне кірген жағдайда – төмен тұрған жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігі туралы шешімі.
    7. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы, арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың қатысушысының мәртебесін растаушы құжат.
    8. Аумақтық сулар алып жатқан су қоры жерлерінің құрамынан жасанды құрылысжайлар салу үшін:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) су шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау органдарының жер учаскесінің орналасқан жерінің координаттары бар қорытындылары;
    9. Теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыржолы көлігінің мұқтажы үшін, энергетика мен байланыс мұқтажы үшін, оның ішінде Кодекстің 119-бабына сәйкес ұялы, спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылысжайларды және (немесе) тіреуіштерді салу үшін, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар өзге де объектілерді салу үшін:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыр көлігі және байланыс және энергетика уәкілетті органдарының келісуі.
    10. Халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған ортақ пайдаланылатын объектілер (су құбырлары, жылу трассалары, тазарту құрылысжайлары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауға арналған инфрақұрылым), сондай-ақ Кодекстің 107-бабы 3-тармағының бесінші бөлігінің 8) тармақшасына сәйкес арнайы мақсаттағы объектілер үшін:
    1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) коммуникациялардың өту схемасы.
    11. Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес жеке қосалқы шаруашылық, бақ өсіру, саяжай құрылысын жүргізу үшін:
    1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары).
    12. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектілерді салу, мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобалар үшін:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (ауциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) жергілікті атқарушы органның объектінің облыстың даму жоспарына енгізілгені туралы шешімі;
    4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағы.
    12. Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес отандық өнеркәсіп кәсіпорындары:
    1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің сызбасы (жоспары).
    13. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін жекеше әріптестер не концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерлер:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт немесе концессия шарты.
    14. Инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар органдарының олардың құзыретіне сәйкес инвестициялық және инновациялық жобаны іске асыру туралы шешімі.
    15. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) жергілікті атқарушы органның жобаны инвестициялық жоба деп тану туралы шешімі.
    16. Шаруашылық серіктестігінің немесе өндірістік кооперативтің қатысушылары (мүшелері) Кодекстің 101-бабының 3-тармағына сәйкес қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) қатысушылардың жалпы жиналысының құрамнан шығу туралы хаттамасы.
    17. Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарт негізінде мемлекеттік заттай гранттар ретінде:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) уәкілетті орган мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшарт;
    4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда, инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағы.
    18. Күрделі құрылыссыз балық шаруашылығын жүргізу мақсатында бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне іргелес жер учаскелерінде балық өсіру объектілерін және оларға қызмет көрсету жөніндегі коммуникацияларды орналастыру үшін:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
    2) сұратылып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру туралы шешімнің көшірмесі;
    4) балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың көшірмесі.
    Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы және жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық.
    Портал арқылы жүгінген жағдайда тізбеде көрсетілген құжаттар элоктрондық құжаттар көшірмесі ретінде ұсынылады.
    Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке басты куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден талап етеді.
  9. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:1) көрсетілетін қызметті алушымемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
    2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
    3) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
    4) көрсетілетін қызметті алушының Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алынып қойылған адамдар тізілімінде болуы.

10.Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар.: Көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда не бір реттік құпиясөз жолымен, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік құпиясөзді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту керек, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжат таңдау қажет.

Толық ақпаратты алу үшін «Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінен ала аласыздар.Мекен – жайымыз: Ават ауылы, Тәуелсіздік көшесі №88
Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72775) 64-2-16

                                                              «Ават ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ

Дата публикации
24 августа 2026
Дата обновления
24 августа 2026
Тип

Сейчас читают

17 сентября 2026
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
24 августа 2026
«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі туралы
Ақпарат
21 августа 2026
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы