Меню

Страницы

Статья

«Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

  «Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша негізгі бағыттары:

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына  сәйкес көрсетіледі;

- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;

- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынады;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;

- көрсетілген қызметті алушылардың құқықтарының, заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды;

        Қызметті беруші туралы мәлімет: «Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: 040405  Ават ауылы, Тәуелсіздік көшесі № 88,  Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы.

         2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: 

    «Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 6 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетеді:

  1. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

      2.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

      3.Сауда– саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

  1. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.

      5.Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.

      6.Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту .

           Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері 2 маманның функионалдық міндеттеріне енгізілген, өкіммен бекітілген және Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің ресми сайтында аталған мамандардың байланыс телефондары,  қабылдайтын күндері көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша ішкі бақылауды жүргізу Ават ауылдық округі әкімінің орынбасары Д.С.Асимахыновқа 2023 жылдың 05 шілдедегі №77 өкіммен жүктелген және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына ішкі бақылау жасау бойынша есепті және ақпаратты (деректерді) жинақтауға және аудан әкімі аппаратына жолдауға бас маман М.И.Суимбаеваға жүктелген.

         2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы –25, оның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көрсетілгені –25, ақылы негізіндегі көрсетілгені – жоқ..    

  1. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою-497.

      2.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-9.

      3.Сауда– саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу-4(оның ішінде  ЛПХ-2, ДЕПО-ға-1, жеке меншікке -1).

  1. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату-0.

      5.Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру-0.

      6.Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту-12.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар саны-11.

          -электрондық Үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы  көрсетілген мемлекеттік қызметтер  саны –2206,

оның ішінде ЭЦҚ-1330.        

             2025 жылы барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуде бұзушылық болған жоқ.

        Округ әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттарға қол жеткізу көздері мен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараты бар стенд ілінген және әкімшілік ғимаратының 1-ші қабатында жеке кабинет жабдықталған. Сол кабинетте электрондық үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар «өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» жасалынды. Балаларға арналған бұрыш, нашар көретін адамдарға Брайль қаріпі,телеманитор, диспенсер, желдеткіш,орындықтар, бақылау камерасы,мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған шақыру түймесі, тактильді жолақ, көліктеріне тұрақ бар, бақылау камералары орнатылған аппарат ғимаратында.

            Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында округте мемлекеттік қызметті электронды түрде алу тәртібі туралы оқыту бейнероликтерін көрсету және қызмет алушылардың мемлекеттік қызметті алуға құқықтары мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртібі туралы брошюралар тарату, тұрғындарды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру мақсатында, тұрғындар арасында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жәрмеңкелер, презентациялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, Egov-Электрондық үкіметтің веб-порталы  арқылы қызмет көрсетуді алу бойынша  округ тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,өткізілді.      Сондай-ақ, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде, аудан әкімінің веб-сайтында және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету туралы мақалалар жарияланды.Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында және нормативтік-құқықтық актілердегі және мемлекеттік қызметтер тізіліміндегі өзгерістермен таныстыру үшін мемлекеттік қызметкерлер арасында семинарлар өткізілді.

            Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс – шараларының саны-52. Халықты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс – шараларымен қамтылғандар саны- 45924 адам.

 Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2026 жылға  іс- шаралар жоспары бекітілген.

          Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау,бақылауда ұстау.

           Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау іс-шараларын жүргізу.

           Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттырудан өткен округ әкімі аппаратының бас маманы Майра Избасаровна Суимбаева.

 

Ават ауылдық округі  әкімі                                   М.Исламов

Дата публикации
25 февраля 2026
Дата обновления
26 февраля 2026
Тип

Сейчас читают

17 сентября 2026
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
24 августа 2026
«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі туралы
Ақпарат
21 августа 2026
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы