Меню

Страницы

Статья

Ават ауылдық округі әкімі аппаратының 2022 жылғы I –тоқсанында жоспарланған шаралардың орындалуы туралы а қ п а р а т.

       Ауылдық округ әкімінің есепті кездесулері 2022 жылғы 24 қаңтарда Омар Мухаммади атындағы орта мектептің акт залында  ауыл тұрғындары алдындағы есепті кездесуі өтті. Есепті кездесуде  ұсыныстар мен сын-ескертпелер түскен жоқ.

        Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына байланысты әскери міндеттілер туралы ай сайын ақпарат беріледі.

       Ават ауылдық округі бойынша 2022 жылдың көктемгі   әскери шақырылушылардың саны 85 анықталынып, әскер қатарына шақырылу жұмыстары ұйымдастырылды.2021 жылғы 05 наурыздан бастап Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің № 86 қауылысына сәйкес округ бойынша шақырушыларға хабарлама таратылу жүргізілуде, бүгінгі күнге аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне  барған адам саны – 41, келгендер пайызы – 48 % құрайды, қазіргі уақытта округ бойынша әскер қатарына шақыру жұмыстары жүргізілуде.

              Ават ауылдық округі бойынша 2022 жылға арналған салық жоспары  40 млн. 500 мың теңгені құрайды. Оның ішінде  104402 -   автокөлік салығы (жеке тұлғалар)  28 млн 533 мың; 104102-  мүлік салығы жеке тұлғаларға 4 млн. 447 мың;  104401-  заңды тұлғалардан көлік салығы – 499 мың, 101202 - жеке табыс салығы 6 млн. 710 мың, 105430 – жарнама 311 мың.

      Ават ауылдық округ бойынша  2022  жылдын 27 наурызға  келіп түскен барлық  салық    түсімдері:                                     

Көрсеткіштің аталуы

2022 жыл жоспар

27.03.2022 ж.

Нақты %

27.03.22 ж. болжамға

Жоспар %  2022 ж. / нақты

27.03.21 ж.

Болжам

Нақты

1

2

3

4

5

6

Жеке табыс салығы

6,710

2,840

146

5

2

Мүлік салығы

4,447

901

960

106

21

Заңды тұлғаларға арналған көлік салығы

499

0

0

0

0

Жеке тұлғаларға арналған көлік салығы

28,533

4,949

6,075

122

21

Соның ішінде: жарнамаға

311

51

59

115

18

Барлығы

40,500

8,741

7,240

82

17

 

           Мүлік және жеке табыс салығының бюджетке жоспар  бойынша түсуі үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Салық төлемдерін жинау  бойынша жоспарланған көрсеткіштерді іске асыруды қамтамасыз ету , салық базасын ұлғайту және берешек сомасын азайту, өсуін болдырмау үшін тиісті жұмыстар  атқарылуда. Берешегі   бар   салық  төлеушілерге хабарламалар  жіберіліп, төлеу жөнінде салық  төлеушілермен  үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Нақты атқарылған  жұмыстары үшін жасалған  қабылданған жұмыс көлеміне сәйкес ақша қаражаттары уақытысында аударылып берілуде.

     Аудан әкімінің тапсырмаларына сәйкес сондай-ақ Алматы облысының және Еңбекшіқазақ ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес «Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мобильді тобы округ аумағында орналасқан ұйымдарда (мейрамханалар, асханалар, дүкендер, базарлар, навайхана) рейдтер және түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізілуде. Сонымен қатар бірінші қажеттіліктегі азық-түлік бағаларына және жұмыс жасап жатқан дәріханалардағы алғашқы қажеттілік туындайтын дәрі-дәрмектердің қорларына бойынша мониторинг жүргізілуде, атқарылған жұмыс туралы есептер аудандық кәсіпкерлік бөліміне жіберіледі. Ават ауылдық округі бойынша шағын және орта бизнес нысандарына вакцинация туралы түсіндіру жұмыстар жүргізілуде, өз еркімен келіскен ұжымдар бойынша ақпарат аудандық кәсіпкерлік бөліміне жіберіледі. Округ бойынша орналасқан кәсіпкерлік объектілердің басшылармен тұрақты түрде кәсіпкерлік қызмет аумағында тазалықты сақтау, объектілерді сәулеттік келбетке келтіру бойынша және азаматтардың қаупсіздігі және жол жиегін ретке келтіру, Алматы-Көкпек-Коктал тас жолында және басқада автокөлік жолдарының бойындағы маусымдық бей-берекет сауда-саттықты жою үшін күнделікті жұмыстар жүргізіліп, ескерту қағаздары таратылуда. Бүгінгі күні округ аумағында маусымдық бей-берекет сауда орындары анықталған жоқ.

            «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI кодексінің талаптарының орындалуы қадағаланып отырылады. Округ әкімі аппаратында 2022 жылдың 1 тоқсанында барлығы 22 өтініш, оның ішінде 1 заңды тұлға, 21-жеке тұлғалардан өтініш түсіп қанағаттандырылды.

           Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша округ әкімі аппаратының 1 қабатында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы,мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша стенд, балалар бұрышы, диспенсер, кондиционер қойылған, барлық жағдайлар жасалған, округ тұрғындарына мемлекеттік қызметтер көрсетілуде."Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша  - 1 өтініш.  "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 8 өтініш.     "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша -0 өтініш түсіп, жер пайдалану құқығын және жер учаскелерін жеке меншікке беру мәселелері бойынша аудандық  жер  комиссиясының қортындысына сай қанағаттандырылды.

         Электрондық Үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы көрсетіледі. Көрсетілген қызмет саны 132 (эцп-ны қашықтан алу, сотталмаған болуы не болмауы туралы анықтама беру және т.б.).Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуде бұзушылық болған жоқ.

            «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,«Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп  кодексі» талаптарын орындаулары туралы  әкім аппаратында мәжіліс өткізілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жетекші маман А. Ашимов, Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп Кодексі талаптарының орындалуы туралы бас маман М.Суимбаева хабарлама жасады.

           2022 жылы I тоқсанда округіміздегі көп балалы, жағдайы төмен отбасы деп танылған  24 отбасына, яғни 97  адамға  атаулы әлеуметтік жәрдемақысы берілді.  Қаражат соммасы 2 160 000 теңге. 30 балаға соммасы 451 200 тг 1 жастан 6 жасқа дейінгі кепілдендірілген әлеуметтік себет берілді. 

  Бүгінгі күнге қоғамдық жұмыстарға 10 жұмыскер тартылды, олар округ аумағындағы санитарлық тазалау және көркейту жұмыстарына көмектесу (ағаштер мен қоршауларды әктеу, арықтарды тазарту, жол жиегін тазалау) жұмыстарын атқарды. 

  2022 жылдың I тоқсанында аз қамтылған 5 отбасына 1 тоннадан көмір түрінде көмек көрсетілді.

          2022 жылы қаңтар, ақпан және наурыз айларында Алматы облысы Дін істері бөлімінің теологтарымен бірлесе отырып, әр түрлі жастағы дәстүрлі емес діни ағым өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылдың ақпан айында Ават ауылдық округінің учаскелік инспекторымен бірлесіп Instagram әлеуметтік желісі арқылы құқықтық тәртіп бойынша ақпараттық жұмыс жүргізілді.2022 жылғы 22 наурызда Ават ауылдық округінің мәдениет үйінде Наурыз мерекесіне орай  іс-шарасы өткізілді, іс-шараға 70-тен астам адам қатысты, Ават ауылдық округінің түрлі этнос өкілдерінің ұлттық тағамдарымен үстелдер ұйымдастырылды, сондай-ақ Наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарлама, спорттық іс-шаралар өткізілді.

           Қысқы отжағу маусымына байланысты ақпараттар берілуде. Ават ауылдық округінде елді мекендерді санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, күн сайын қоғамдық жұмыскерлерінің күшімен ауылдық округ аумағында санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, республикалық маңызы бар «Алматы - Көкпек - Көктал» автомобиль жолының бойын, «Мансуров» облыстық маңызы бар көшелер мен Д.Қонаев атындағы ҮАК тас жолын тазарту бойынша шаралар қабылданып округ аумағынан 1,5 тонна қоқыс шығарылды, сонымен қатар ауылдық учаскелік полиция инспекторлерімен бірлесіп ауыл тұрғындарына ескерту жұмыстары жүргізілуде. Ауыл тұрғындарына округ аумағындағы жеке кәсіпкер Усенов Дильмуратпен, жеке кәсіпкер «Тазалық» Низиров Рамильмен  келісім – шарт жасап, келісім – шарт бойынша  қоқыстарды қоқыс тастау орнына шығару жұмыстарын жалғастыруда.Округ аумағындағы қоғамдық жұмыскерлермен округ аумағындағы Республикалық және облыстық маңызы бар жолдарына күнделікті санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде.

 

Дата публикации
25 марта 2022
Дата обновления
25 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

17 сентября 2026
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
24 августа 2026
«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі туралы
Ақпарат
21 августа 2026
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы