Ават ауылдық округі әкімі аппаратының 2025 жылдың I жарты жылдығында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмысы туралы есепке талдамалық анықтама
Ават ауылдық округі әкімі аппаратының 2025 жылдың I жарты жылдығында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмысы туралы есепке талдамалық анықтама «Ават ауылдық округі әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша негізгі бағыттары: - Мемлекеттік қызмет көрсету ережелеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді; ¬-мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды; ¬¬-көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды; ¬¬¬-мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады; -мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталуы туралы ақпарат ұсынады; -көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді; -көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының,бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды. Қызметті беруші туралы мәлімет: «Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: 040405, Ават ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 88, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы. Ават ауылдық округі әкімінің аппаратында 6 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі: 1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, 2.Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу 3.Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату, 4. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою, 5.Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру 6.Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту Ават ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ережелер бар стендтер орналасқан. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтармен таныса алады, ғимараттың бірінші қабатындағы фойеде қызмет алушыларға ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтер ережелері орналастырылған. Ават ауылдық округі әкімінің ғимаратында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі туралы тұтынушыларды хабардар ету үшін, бірінші қабатта бөлмеде «Электрондық үкімет» порталына кіретін «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналасқан. Бұрыш кеңсе жабдықтарымен жабдықталған, тиісті белгілер бар, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді насихаттау және жарнамалау туралы бейнероликті жарнамалау үшін теледидар орнатылған және «балалар бұрышы» бар жабдықталған. Балалар бұрышында отыратын стол, орындықтар, ойыншықтармен қамтамасыз етілген. Электрондық Үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетілуде. Ават ауылдық округі әкімінің аппаратында халыққа қызмет көрсету жәрмеңкелері, презентациялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызмет көрсету және оқыту бойынша акциялар өткізілді. Сондай-ақ, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету туралы мақалалар жариялануда. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы Ават ауылдық округі әкімінің толық бақылауында. 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту – 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзу фактілері-жоқ. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты белгіленген мерзімдерді бұза отырып қаралған шағымдар жоқ. Көрсетілетін қызметті алушылардың қалпына келтірілген бұзылған құқықтары жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс-шараларының саны-23. Бірінші жарты жылдықта мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттырудан 1 маман өтті. «Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» ММДата публикации
29 июля 2025