Көрсетілетін қызмет беруші туралы мәлімет:
«Ават ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Пошталық мекен-жай: 040405, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Ават ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 88. Байланыс телефоны: 8/72776/64 2 71.
Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Примерьер-Министрінің орынбасарының 21 маусым 2023 жылғы № 227 бұйрығына сәйкес «Атаулы әлеуметтік көмек» мемлекеттік қызметін тұрақты түрде көрсетеді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік ғимаратында мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезіндегі қажетті, қолайлы жағдай жасалған. Қоңырау, пандус, Брайля алфавиті бойынша жасалған тақта, ғимаратқа кіре берістен орнатылған тактильді плиталар. Барлық мемлекеттік қызмет түрлері 1-ші қабатта көрсетіледі.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3 тармақшасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек қызметі жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі. Шартты ақшалай көмек және шартсыз ақшалай көмек деп екіге жіктеледі. Атаулы әлеуметтік көмек мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі жандар үшін, мерзімді әскери қызметтегі, бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдарды қоспағанда, некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысқан, бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұратын, бірақ некеде тұрмайтын адамдар енгізіледі. Сонымен қатар ауылдық жерде тұрып, қалада жұмыс істесе, аталған ауылда мектеп ұйымыны болмаған жағдайда басқа ауылда оқып жатса оқушы баласы және жоғарғы оқу орнының шәкірті болған жағдайда отбасы мүшелеріне талап етілмейді.
Шартсыз ақшалай көмек жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына қатысуға мүмкіндігі жоқ жандар жалғызбасты ана немесе жалғыз тұратын кісілер үшін, 1, 2 топ мүгедектігі бар жандарға, жасы бойынша зейнетке шыққан жандар үшін, екі айдан астам уақыт еңбекке жарамсыздық белгіленген жағдайда, отбасы құрамындағы еңбекке жарамды жанның бала күтімі немесе мүгедектігі бар жанға немесе қарт адамға күтімді жүзеге асыратын кірісі аз отбасыларына көрсетіледі.
Шартты ақшалай көмек отбасы құрамындағы еңбекке жарамды мүшелерінің жұмыспен қамтуға арналған шараларына жәрдемдесуге қатысқан жағдайда атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әлеуметтік келісімшарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындаудың міндетті талабы болып табылады және келісім шарт АӘК тағайындау кезеңіне жасалады. Әлеуметтік келісім шарт жұмыспен қамту шараларынан бас тартқан жағдайда, жеке жоспардың іске аспауына, жалған құжат ұсынылған немесе жалған ақпарат беру фактісі анықталған жағдайда бұзылады. Міндетті шарт 80 жастан асқан қария кісілерге, бала күтімі бойынша отырған жандарға, немесе 1, 2 топ мүгедектігі бар жандарға және мүгедектігі бойынша күтімді жүзеге асыратын жандар үшін сонымен қатар тұрақты жұмысы бар отбасы мүшелері үшін міндетті шарт болып табылмайды.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу тәртібі:
Өтініш беруші Отбасының цифрлық картасында кірісі туралы ақпарат болмаған кезде атаулы әлеуметтік көмек алу құқығын тоқсан сайын растайды. Шартсыз немесе шартты ақшалай көмек оны алуға құқығы бар отбасының әрбір мүшесіне өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді. Атаулы әлеуметтік көмек проактивті форматта тағайындалған кезде учаскелік комиссияның адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге өтініш берушінің келісімін алған күн көрсетуге өтініш берілген күн болып есептеледі. Өз кезегінде әкімшілік яғни жергілікті атқарушы орган тарапынан кірісі аз отбасын анықтауды жүзеге асырады. Өтініш беруші мен алушының ауылдық округ әкімінің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органның және оның лауазымды адамдарының шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған орғанға, сотқа шағым жасауға құқығы бар.
Учаскелік комиссиялар атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеріп, ол туралы жазбаша акт жасап, қорытындылар дайындап, ұсынады атаулы әлеуметтік көмек алуға қажеттілігі бар жоқтығын анықтайды.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан қандай жағдайда бас тартылады?
Отбасы мүшелерінің 1-ден аса меншік құқығына тиесілі тұрғын үйдің болуы сонымен қатар тұрғын үй салуға арналған учаскесінің болуы, 1-ден аса техникалық жарамды автокөлік болса, барлық көлік құралдары: әуе, жүк көлігі, автобус, багаж тасымалдаушы, ішкі су көліктері (кеме, яхта) анықталған жағдайда жергілікті атқарушы орган жергілікті өкілді органның келісімі бойынша өңірдің ерекшеліктерін және (немесе) адамның (отбасының) материалдық жағдайын ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек қажеттілігінің болмауы туралы қорытынды шығару үшін қосымша негіздерді белгілей алады.
Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау тәртібі:
АӘК-тің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа кіріс отбасының әрбір мүшесіне есептегенде белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде есептейді, және бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға , республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңіне жүргізіледі. Атаулы әлеуметтік көмекті алушы атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінің өзгеруі немесе оны алу құқығы үшін негіз бола алатын мән-жайлар туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде – мансап орталығын, ауылдық жерде ауылдық округ әкімін хабардар етуге міндетті.
Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есепті құжаттаманың нысандарын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді.
Жан басына шаққандағы орташа кірісті есептеу
Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін айқындау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылған өтініштің және (немесе) Отбасының цифрлық картасының және (немесе) ұйымдардың деректері негізінде алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.
Жан басына шаққандағы кіріс атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық кірісті отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу жолымен есептеледі.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту:
Отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісінің белгіленген кедейлік шегінен асуы, учаскелік комиссияның материалдық жағдайын тексеруден бас тартқан жағдайда, материалдық жағдайының тексеру нәтижесінен қажеттілігі жоқ туралы қорытындысы шыққанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас татртқан жағдайда, әлеуметтік келісім шарт бұзылғанда, жалған мәлімет ұсынылған жағдай анықталған себептермен бас тартылады.
Атаулы әлеуметтік көмек төлеуді тоқтату
АӘК-ке өтініш берушінің қайтыс болуы, Қазақстан Республикасы аумағынан тыс тұрақты мекен-жайын ауысқанда, әлеуметтік келісім шарт бұзылғанда, анық емес мәлімет ұсынылған жағдайда бас тартылады.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың және төлеудің дұрыстығын мониторингтеу
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың және төлеудің дұрыстығын мониторингтеуді уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар тиісті бюджеттің атқарылуын бақылау шеңберінде жүзеге асырады.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді әдіснамалық тұрғыдан басқаруды уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.