
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы мақұлданды.
Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасының шеңберінде Ават ауылдық округінің қызметі.
Ават ауылдық округінің егістік көлемі 565 гектарды құрайды. Тіркелген шаруа қожалықтарының саны - 205. Шаруа қожалықтарының негізгі өнімдері - көкөніс, дәнді дақылдар және жүгері.
Ават ауылдық округінің аумағында күнделікті санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Округте жыл сайын ағаш отырғызу бойынша акциялар өткізіледі
жергілікті тұрғындардың қатысуымен және ЖШС «Ават Тас», ЖК «Маматьяр» көмегімен 2022 жылы 300 әр түрлі көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді.