Меню

Страницы

Статья

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

Асы ауылды? округі
Сегодня, 15:49
Кому:вам
 
 
 
 
 
 
 
 
 
“Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру”  мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, Кодекстің қажет болған жағдайда, өзгертілген нысаналы мақсат үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.Көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында хабарлама жолдайды.
Дата публикации
29 января 2026
Дата обновления
29 января 2026
Тип

Сейчас читают

29 января 2026
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
14 июня 2024
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Асы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша
03 июня 2024
"Асы ауылдық округінің әкім аппараты"ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішке талдау жүргізу туралы хабаландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы