Меню

Страницы

Статья

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Асы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша

Аппарат өз жұмысын Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің   2018 жылғы   12 қаңтардағы №13  қаулысымен бекітілген «Асы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жүргізеді.

            «Асы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Еңбекшіқазақ ауданының Асы ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Асы ауылдық округі әкімінің «Асы ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы 03 маусым 2024 жылғы № 74 өкімі негізінде 2024 жылы маусым айының 10 мен 15 аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау келесі бағытта жүргізілді:

  • «Асы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (тапсырыс беруші) мен тендерді ұтқан мердігер компанияның ара қатынасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Талдау барысында «Асы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (тапсырыс беруші) мен тендерді ұтқан мердігер компанияның ара қатынасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Атап айтқанда:

-Тендерге қатысатын мердігердің басқа облыстан болуы;

-Тендерге қатысатын мердігердің арнайы маманы және арнайы техникаларының болмауы;

-Тендер өткізу заңнамасында мердігерге қойылатын жоғарыда көрсетілген талаптардың болмауы.

Мысалы: Асы ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көше бойындағы жүргіншілер мен үйлерге қауіп төндіріп тұрған ағаштарды кесіп тазалау жұмыстарына тендер жарияланды. Тендерді ұтқан мердігер Түркістан облысында тұрады. Мердігер Асы ауылдық округіне келіп (1000 км жерден) кесілетін ағаштарды көріп, таныс емес жерден арнайы техникалар мен ағаш кесушіні іздей бастайды. Себебі өзінде маманы мен арнайы техникалары жоқ. Ауылды жерлерде ондай арнайы техника таппаған соң округ әкіміне шығады. Округ әкімі ауылындағы қауіп төндіріп тұрған ағаштарды кестіру өзекті мәселе болған соң мердігерге көмектесуге тырысады. Осы ара қатынаста сыбайлас жемқорлық тәуекелдер туындауы мүмкін.

Ұсыным: тапсырыс беруші округ әкімі мен мердігердің арасында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында Тендер өткізу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы тендерге қатысушыларға келесі талаптарды қою:

  1. Тендерге қатысатын мердігердің ұтқан объектісі өзі тұратын және қызмет көрсететін облыстан болуы. Тиімділігі:

- қатынауға уақыт үнемдейді;

- арнайы техникаларын жеткізуге уақытын және қаржысын үнемдейді.

- климат және жер жағдайынан хабардар.

  1. Тендерге қатысатын мердігердің арнайы маманы және арнайы техникаларының болуы. Тиімділігі:

- арнайы техника мен маман іздеуге жұмсалатын уақытты және жалдау қаражатын үнемдейді;

- көрсетілетін қызмет пен істелінетін жұмыс сапасының артуы;

- округ әкімі мен мердігердің ара қатынасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мүмкіндігінше азаяды.

  Қорытынды:

Талдау жүргізу нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы Асы ауылдық округі әкіміне  келесі ұсынымдар береді:

  1. «Асы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (тапсырыс беруші) мен тендерді ұтқан мердігер компанияның ара қатынасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және мемлекеттік сатып алулар жұмыстарын жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу.
  2. Округ әкімі аппаратының қызметінде туындауы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тұрақты түрде ішкі талдау жүргізу.
  3. Жұмыс тобы талдамалық анықтамаға қол қойылғаннан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша қабылданған ұсынымдарды орындауға мониторинг жүргізу.

 

  Жұмыс тобының құрамы:

 

1.Жеткенбай Даурен                                                 Асы ауылдық округі әкімінің  

                                                                                    орынбасары

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

  1. Калиакбаров Нұрлан Тұрғанұлы            Асы ауылдық округі әкімі

                                                                                          аппаратының бас маманы

 

  1. Шарапиев Руслан Айтбекұлы                     Асы ауылдық округі әкімі

                                                                                         аппаратының бас маманы

 

  1. Нұрахметов Ерболат Ақсақалдар алқасының төрағасы

 

  1. Кебекбаев Нұрғанат          Жергілікті қоғамдастық төрағасы

 

Таныстырылды:  

Асы ауылдық округінің әкімі                                             Ұ. Сағынбеков

Дата публикации
14 июня 2024
Дата обновления
14 июня 2024
Тип

Сейчас читают

29 января 2026
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
14 июня 2024
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Асы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша
03 июня 2024
"Асы ауылдық округінің әкім аппараты"ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішке талдау жүргізу туралы хабаландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы