«Асы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы мемлекеттік қызметте көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

«Асы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы мемлекеттік қызметте көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

1.Жалпы ережелер

«Асы ауылдық округі әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін мемлекетік қызметтер бойынша негізгі бағыттары:

- Мемлекеттік қызмет көрсету ережелеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді;

­-мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;

­­-көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынады;

­­­-мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;

-мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерізімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;

-көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;

-көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының,бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.

 

          2.Қызметті беруші туралы мәлімет:

«Асы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, 040441, Қызылшарық ауылы, Рысқұлбеков көшесі №13.

 

3.2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Асы ауылдық округі әкімінің аппаратында 2023 жылы қаңтар айынан бастап тамыз айына дейін 6 (алты) түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді

1) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою,

2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,

3) Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру,

4) Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату,

5) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу,

6)Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.

 

Асы ауылдық округі әкімінің аппаратында 2023 жылы қыркүйек айынан бастап желтоқсан айына дейін 4 (төрт) түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

1) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою,

2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,

3) Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату,

4) Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу

 

 

            Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша функционалдық міндеттеріне кіретін қызметкерлердің саны-1 маман.

            Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына ішкі бақылау жасау бойынша әкім орынбасары Д.Жеткенбайға жүктелген, есепті және ақпаратты жинақтау жетекші маман Ә.Байғабұлға жүктелген.

            2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы­- 128.  

 

- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою- 90

- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 0

- Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату- 4

--Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру-0 (қаңтар айынан бастап тамыз айына дейін)

- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 23

-- Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту – 11 (қаңтар айынан бастап тамыз айына дейін)

 

 

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-жоқ,

көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көрсетілгені-128, ақылы негізіндегі көрсетілгені- жоқ,

ЭЦҚ пайдалана отырып  электрондық Үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны –486.

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс.

Асы ауылдық округі әкімінің ғимаратында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі туралы тұтынушыларды хабардар ету үшін, бірінші қабатта «Электрондық үкімет» порталына кіретін «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналасқан. Бұрыш кеңсе жабдықтарымен жабдықталған, тиісті белгілер бар, ауылдық округ әкімдігінің фойесінде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді насихаттау және жарнамалау туралы бейнероликті жарнамалау үшін теледидар орнатылған және осы кеңседе балалар үстелімен жабдықталған «балалар бұрышы» бар. Балалар бұрышында отыратын стол, орындықтар, ойыншықтармен қамтамасыз етілген. Электрондық Үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы  мемлекеттік қызметтер көрсетілуде.

Асы ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ережелер бар стендтер орналасқан. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтармен таныса алады, ғимараттың бірінші қабатындағы фойеде қызмет алушыларға ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтер ережелері бар.

           

           Асы ауылдық округі әкімінің аппаратында халыққа қызмет көрсету жәрмеңкелері, презентациялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, «Электрондық үкімет» арқылы қызмет көрсету және оқыту бойынша акциялар өткізілді. Сондай-ақ, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету туралы мақалалар жариялануда.

          Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы Асы ауылдық округінің  әкімінің толық бақылауында.

Қызметті беруші туралы мәлімет: Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, 040441, Қызылшарық ауылы, Рысқұлбеков көшесі №13,тел 7-75-45.

Дата публикации
24 апреля 2024