«Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

«Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығынамен бекітілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 2023 жылдың 3 қыркүйегіне дейін 6 мемлекеттік қызмет түрін, 3 қыркүйегінен бастап енгізілген өзгеріске сәйкес, Ақши  ауылдық округі әкімінің аппараты 4  мемлекеттік қызмет түрін көрсетті.

Ақши ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2023 жылы 295 өтініш қабылданған. Атап айтсақ:

 

№

Көрсетілетін қызметтер атауы

Саны

1

Сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу

3

2

Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату

0

3

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

274

4

Жер учаскесін нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

2

5

Елді-мекендер шегінде обьект салу үшін жер учаскелерін беру

10

6

Жалға берілген жер телімінің пайдалану құқығын жаңа мерзімге беру

6

 

-Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көсетілгені – 295, ақылы негізіндегі көрсетілгені – жоқ.

- Көрсетілетін қызметті берушілермен баламалы негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 16;

- «Е-Лицензиялау»МДҚ арқылы электрондық түрде көрсетілген - 5;

- «Электронды үкімет порталы» арқылы электрондық түрде көрсетілген - 274;

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден  3  уәжді бас тарту болды.

 

 

Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

  • Жер учаскесін алу үшін кезекке қою
  • Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
  • Жалға берілген жер телімінің пайдалану құқығын жаңа мерзімге беру

 

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Халықты ақпараттандыру үшін көрнекті ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, өтініш үлгілері мен байланыс телефондарының нөмірлерімен ақпараттық стенд ілінген.

Халықты ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсетілу бойынша  жалпы 29 іс-шара өткізіліп, түсіндіру іс – шараларымен   21280 адам қамтылды.

Округ әкімі аппаратындағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы  2023 жылы 809 қызмет көрсетілді.

         Әкім аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жағдайы бойынша мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуді бақылау Қағидасына сәйкес ай сайын мониторинг жүргізілді.

Қызметті уақтылы, әрі сапалы көрсету азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің  тиімділігін бағалау шартының негізі болып табылады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет бекітілген мерзімде көрсетілді, жеке және заңды тұлғалардың тарапынан  арыз-шағым түскен жоқ.

«Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
Дата публикации
29 апреля 2024