«Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету

«Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

 

«Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары:

- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;

- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсыну;

- көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат беру;

- корсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдау.

Қызметті беруші туралы мәлімет:

«Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Мекен жайы: индексі 040411, Алматы облысы, Енбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылы, Дәркембай даңғылы №28

2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Ақши ауылдық округі әкімінің аппаратында 2025 жылы жалпы 6 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

1) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 1;

2) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу –9;

3) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату – 3;

4) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 236;

5) Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру – 26:

6) Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту – 1;

Жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 276.

  • көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көсетілгені – 276, қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 30, ақылы негізіндегі көрсетілгені – жоқ.

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Округ әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары туралы халықты ақпараттандыру үшін 1 стенд орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттарға қол жеткізу көздері мен орындары: Ақши ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы көрнекті ақпарат құралдары ілінген.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс – шараларының саны-30. Әкім аппараты мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің квалификациясын көтеру және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында іс-шаралар өткізілді, бұл жүйелі түрде аппаратта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидаларын түсіндіру отырыстары, акциялар, семинарлар, ашық есік күндері т.б.

Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуде жіберген кемшіліктері үшін жауапқа тартылған мамандар болған жоқ.

Округ тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, қызмет алушыларға қолайлы жағдайлар жасау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында әкімшілік ғимаратында электрондық үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі «өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» бар. Балаларға арналған бұрыш, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған шақыру түймесі, көліктеріне тұрақ, жайлы орындықтар, суға арналған диспенсер және қызмет алушылар ақпарат алу үшін телевизор орналастырылған.

Ақши  ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары халықты электрондық мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларына үйрету жөніндегі жұмысты тұрақты түрде жүргізеді.

       

«Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету
Дата публикации
30 апреля 2026