А. Биахметов Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

А. Биахметов Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

2024 жылғы 31 қазанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барады, жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, халықпен кездесу өткізеді және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Өткізілетін кездесулер шеңберінде әлеуметтік-еңбек саласының мәселелері, оның ішінде жоғары кәсіби кадрларға қажеттілік және халықты жұмыспен қамтуды қолдау шаралары, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру шаралары талқыланатын болады.

Вице-министрге жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды мынадай байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР Еңбекмині ресми интернет-ресурсы арқылы (www.gov.kz), Egov.kz электрондық үкімет порталы,  «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraqtar.kz).

Сондай-ақ, мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74 37 23, 74 36 03.

Азаматтарды қатысуға және сұрақтар қоюға шақырамыз.