ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген 5 адамның мәселелерін қарады.
Қабылдауға келген азаматтар Министрге мүгедектік тобын тағайындауға, жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге, санаторийлік-курорттық ем алуға және әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізді.
Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды.