«42 500 теңгені» проактивті түрде тағайындау статусын тексеруге қатысты

«42 500 теңгені» проактивті түрде тағайындау статусын тексеруге қатысты

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлемді проактивті форматта тағайындауға өз келісімін растаған азаматтар SMS жібергеннен кейін бірнеше күн ішінде өтінімді қарау статусын тексере алады.

Егер сізге "Uvazhaemiy zayavitel IIN ххххххххххх, v sluchaye poteri dohoda s 5 iyulya soglasni proaktivno poluchit 42500 Esli da - otpravte 1, net -2 v techeniye 5 dn." мәтіні бар sms-хабарлама келіп түссе, осы хабарламаға жауап берген соң бірнеше күн өткеннен кейін сіз eGov.kz порталында egov.kz/services/P6.47/ сілтемесі бойынша өтінімнің статусын тексере аласыз.

Егер sms-жауап жолдау кезінде қате шықса, бұл келесі себептерден болуы мүмкін:

- сіздің теңгеріміңіз 1бірліктен аз;

- телефон баптауларында қысқа нөмірлерге sms-хабарлама жіберуге тыйым салынған;

- баптауларда мәтіндік хабарламаларға тыйым салынған және mms хабарламалар басымдыққа ие;

- сигналға байланысты проблема;

- ұялы байланыс операторларындағы проблемалар.

Естеріңізге сала кетейік, 16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын адамдар үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылуда.

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.