
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетелдік жұмыскерлерді тарту тәртібін жетілдіру мақсатында жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына түзетулер (бұдан әрі – Қағидалар) әзірледі. Бұйрықтың жобасы осы жылдың 12 шілдесіне дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.
Құжат migration.enbek.kz платформасы арқылы қосымша мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейді. Сондай-ақ, ҚР Әлеуметтік кодексінің нормаларын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушілердің ішкі еңбек нарығында кандидатураларды іздеуді жүзеге асыруы көзделеді.
Бұдан басқа шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі бизнес-процесті оңайлату мақсатында қағидалар ақпараттық жүйелер арқылы олардың функцияларын автоматтандыру жолымен жергілікті атқарушы органдар жанындағы тиісті комиссиялардың жұмысын оңтайландыруды көздейді.
Қағидамен толығырақ «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15101904 сілтемесі бойынша танысуға болады.