О. Анафин Мәжіліс депутаттарын әлеуметтік-еңбек саласын цифрландырудағы жетістіктермен таныстырды

О. Анафин Мәжіліс депутаттарын әлеуметтік-еңбек саласын цифрландырудағы жетістіктермен таныстырды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының қатысуымен әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Асхат Рахымжанов пен Наурыз Сайлаубай, сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Олжас Анафин әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру, бизнес-процестерді оңайлату және электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде адами факторды азайту жөніндегі жұмыс алгоритмдері туралы айтып берді.

Сондай-ақ, депутаттарға Орталықтандырылған деректер банкінің, Әлеуметтік қызметтер порталының, Enbek.kz цифрлық экожүйесінің, Отбасының цифрлық картасының, Еңбек тәуекелдерінің картасының және т. б. автоматты ақпараттық жүйелерінің жұмыс қағидаттары көрсетілді.