С. Жақыпова Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

С. Жақыпова Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова алдағы Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. Ол біздің көпұлтты республикамыздың барлық азаматтарына денсаулық, бақыт, бейбітшілік, жақсылық пен өркендеу тіледі.

«Құрметті отандастар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен – достықтың, ұйымшылдық пен жасампаздықтың шынайы символымен шын жүректен құттықтаймын!

1 мамыр біздің көпұлтты республикамыз үшін елімізде тұратын барлық этностардың бейбітшілігінің, келісімі мен бауырластығының нышаны, күнделікті еңбегімен өз отбасының және тұтастай алғанда Қазақстанның гүлденуі мен өркендеуіне еңбек сіңіретін барлық азаматтарымыз үшін ортақ думанды мереке.

Сол себепті бұл мерейлі мереке жалпыхалықтық той-думанға айналатын шадыман мейрам. Аға буын өкілдері үшін бұл еңбек ынтымақтастығын, жастар үшін-көктемгі жаңаруды, жақсылыққа ұмтылуды білдіреді.

Біздің ортақ міндетіміз – рухани және мәдени құндылықтарды берік сақтау, халықтың бірлігі мен елдегі тұрақтылықты қастерлеу және одан әрі нығайту.

Осы мерекелерге толы мамырдың күншуақты күндерінде барша қазақстандықтарға зор денсаулық, амандық, бақыт, бейбітшілік, әр үйге жақсылық пен өркендеу тілеймін!» –  делінген Светлана Жақыпованың мерекелік арнауында.