Б. Нұрымбетов қазақстандық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Б. Нұрымбетов қазақстандық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанның медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға пациенттердің құрметі мен кәсіби жетістіктер тіледі.

«Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде ең жарқын мейрамдардың бірі – Медицина қызметкерлері күні атап өтіледі.

Әлемде дәрігерден асқан маңызды мамандық жоқ шығар. Ақ халатты абзал жандардың күнделікті жұмысының арқасында миллиондаған өмір сақталады. Бұл адамдарға жақсылық пен қамқорлық, сауығуына мүмкіндік беретін адал еңбек болып табылады.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері дәрігер-мамандары жұмыс істейді. Сіздердің еңбектеріңіз жоғары жауаптылықты, адалдықты, төзімділік пен мейірімділікті талап етеді. Сіздер шексіз қызметтеріңіз арқылы еліміздің әлеуметтік қорғау жүйесі мен ұлт денсаулығын қорғап, нығайтуға зор үлес қосып келесіздер.

Әрқашан халықтын осал топтарына, мүгедектігі бар жандарға аянбай қызмет көрсеткендеріңіз үшін, Сіздерге үлкен алғыс айтамын!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Әріптестеріңіздің және пациенттердің құрметін, ұзақ және бақытты өмір, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ізгі бастамаларыңызға табыс тілеймін! Сіздердің мейірімді жүректеріңіз әрқашан жанашырлыққа және жылулыққа толы болсын», – делінген Біржан Нұрымбетовтің хатында.