C. Жақыпова Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

C. Жақыпова Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

2024 жылғы 13-14 наурызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барады, жұмыс сапары барысында халықпен бірқатар кездесулер өткізеді.

Кездесуде әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері талқыланады, сондай-ақ өңір тұрғындарының сұрақтары қаралатын болады.

Министрге жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы арқылы (www.gov.kz), электрондық үкімет порталы Egov.kz,  «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraqtar.kz).

Сондай-ақ, телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 74 37 23, 74 36 79.

Азаматтарды белсенді қатысуға және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне сұрақтар қоюға шақырамыз.